Panasonic ER-GC 50 Manuel D’Utilisation

Page de 28
Қа
зақша
 
7
Алмастың қолданылу мерзімі
Ұстара жүзін пайдалану мерзімі оны қолдану жиілігі мен уақытына 
байланысты әртүрлі болады. Шаш алатын машинка айына екі рет 20 
минуттан қолданылатын болса, ұстара жүзін екі жылдың ішінде 
пайдалануға болады деп күтілуде. Тиісті күтім көрсетілгеніне 
қарамастан, қию тиімділігі төмендесе, ұстара жүздерін ауыстырыңыз.
Аккумулятордың қызмет көрсету мерзімі
Батареяны пайдалану мерзімі оны қолдану жиілігі мен уақытына 
байланысты әртүрлі болады. Егер батареялар айына 3 рет 
зарядталса, қолдану мерзімі шамамен 3 жыл болады.
Шаш алатын машинка жиі қолданылмаса да, оны кемінде 6 ай 
сайын бір рет зарядтап тұрыңыз, өйткені қуаттетікте қуат таусылып 
қалады және қолдану мерзімі қысқаруы мүмкін.
Шаш алатын машинка батареясын жою
Шаш алатын машинканы қолданыстан шығарар алдында ішінде 
орнатылған зарядталатын батареяны шығарыңыз. Батареяның 
өкілетті мекемеде (ондай мекеме болған жағдайда) жойылғанына көз 
жеткізіңіз. Шаш алатын машинканы қайта пайдалану үшін батареяны 
бөлшектемеңіз немесе алмастырмаңыз. Бұл нәтижеде өртке немесе 
қысқа тұйықталуға әкеліп соғуы мүмкін. Оны өкілетті қызмет көрсету 
орталығында алмастырыңыз.
Батареяны алғанда желі сымын шаш алатын машинкадан ажыратыңыз.
Аккумуляторды шығарып алмастан бұрын оның зарядын толық пайдаланыңыз.
Аккумуляторды алғаннан кейін «+» және «–» өрістерінің 
тұйықталуын болдырмаңыз.
1-8 қадамдарды орындап батареяны көтеріп шығарыңыз.
1. Желі сымын шаш алатын машинкадан ажыратыңыз.
2. Алмасты шаш алатын машинкадан алып тастаңыз. 2 бұранданы (a) 
босатып алыңыз.
3. Бұранданы (b) алып тастаңыз.
4. Қырқу реттегішінің қақпағын (c) алып, бұранданы (d) босатып 
алыңыз да, реттегішті (e) ажыратыңыз.
5. Корпусты (f) ажыратыңыз.
6. Бұрандаларды (g) босатып алыңыз.
7. Корпусты (h) ажыратыңыз.
8. Батарея бөлігін (i) ажыратып, батареяны (j) шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ
Шаш алатын машинканы қайта пайдалану үшін батареяны 
ауыстыруға әрекет жасамаңыз. Бұл нәтижеде өртке немесе 
қысқа тұйықталуға әкеліп соғуы мүмкін.
Қоршаған ортаны қорғауға қатысты маңызды хабарлама
Машинкаға құрылған никельді металгидридті қуаттетігінде қоршаған 
ортаға зиянды заттар бар. Ұстараны лақтыратын кезде қуаттетікті 
алып тастаңыз.
Қоршаған ортаны қорғау және заттарды қайта өңдеу
Бұл шаш алатын машинка ішінде зарядталатын никелді 
металгидридті батарея орнатылған. Батареяның өкілетті мекемеде 
(ондай мекеме болған жағдайда) жойылғанына көз жеткізіңіз.
Техникалық сипаттамасы
Қуат көзі
Айнымалы тоқ адаптерінің үстіндегі атау 
жазылған тақтаны қараңыз.
(Автоматты түрде кернеуді ауыстыру)
Қозғауыш кернеуі
1,2 В DC (тұрақты тоқ)
Қуаттау уақыты
Шамамен 8 сағат
Осы құрылғы тұрмыстық мақсаттарда ғана қолданылады.