Philips AVENT SCF 284/03 3-в-1 Manuel D’Utilisation

Page de 100
38
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips 
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome 
веб-торабында тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
a  Тұтқасы бар қақпақ
B  Кішкене себет
C  Үлкен себет 
D  Су құйылатын ыдысы бар қыздыру элементі
E  Негіз
F  Ток сымы
g  Қосу түймесі
h  SCF287/SCF286: «Стерилдеу» жарығы
i  SCF287/SCF286: «Дайын» жарығы
J  SCF285/SCF284: «Стерилдеу» жарығы
k  Ыдыс жуғыш машинаға арналған себет (тек SCF287/SCF286 үлгісінде)
l  Қысқаш
Ескертпе Стерилизатор түрінің нөмірі оның астында жазылған.
Маңызды ақпарат 
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта 
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті!
 
- Құралдың негізін, ток сымын немесе штепсельдік ұшын суға немесе басқа сұйықтыққа 
батырмаңыз.
 
- Қаспақты алу нұсқауларын орындамаса, құрал жөндеуге келмейтіндей бұзылуы мүмкін.
 
- Ток соқпау үшін, құралдың негізін еш уақытта бөлшектемеңіз.
абайлаңыз!
 
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану 
нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз 
адамдардың (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
 
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
 
- Құралды және оның ток сымын балалардың қолдары жетпейтін жерге қойыңыз.
 
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес 
келетінін тексеріп алыңыз.
 
- Штепсельдік ұшы, ток сымы немесе өзі зақымдалған болса, құралды қолданбаңыз.
 
- Ток сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips компаниясы, 
Philips рұқсат берген қызмет орталығы немесе тиісті білімі бар маман ғана ауыстыру керек.
 
- Электр бу стерилизаторында қызмет көрсетілетін бөлшектер жоқ. Стерилизаторды өзіңіз 
ашуға, қызмет көрсетуге немесе жөндеуге әрекет жасамаңыз.
 
- Стерилдеу барысында құрал қатты қызады. Ұстаса, теріні күйдіруі мүмкін.
 
- Қақпақтағы желдеткіштен және қақпақты ашқанда шығатын ыстық будан байқаңыз. Бу теріні 
күйдіруі мүмкін.
 
- Стерилдеу барысында және стерилдеп болғаннан кейін негізді, себеттерді және 
қақпақтарды бірден ұстамаңыз — олар өте ыстық болады. Қақпақты тұтқасынан ұстап 
қана ашыңыз.
 
- Құрал қосылып тұрғанда немесе ішіндегі су әлі ыстық болса, оны қозғауға немесе 
ашуға болмайды. 
 
- Құрал қосылып тұрғанда, үстіне ешнәрсе қоймаңыз.
ҚазаҚша