Samsung GT-I9100 Manuel D’Utilisation

Page de 163
Іске кірісу
25
Сенсорлық экранды пайдалану
Құрылғының сенсорлық экраны элементтерді оңай таңдауға 
немесе функцияларды орындауға мүмкіндік береді. 
Сенсорлық экранды пайдаланудың негізгі әрекеттері туралы 
оқып біліңіз.
Сенсорлы экранды саусақ ұштарымен баспаңыз 
 
немесе оны түрту үшін өткір құралдарды 
пайдаланбаңыз. Бұлай ету сенсорлы экранды 
зақымдауы немесе оның дұрыс істемеуіне себеп 
болуы мүмкін.
Сенсорлық экранға ешқандай басқа электрондық 
 
құрылғыларды тигізбеңіз. Электростатикалық 
разрядтар сенсорлық экранның дұрыс жұмыс 
істемеуіне себеп болуы мүмкін.
Сенсорлық экранға су тигізбеңіз. Сенсорлық экран 
 
ылғал жерлерде немесе су тигенде дұрыс істемей 
қалуы мүмкін.
Сенсорлық экранды күту режимінде ұзақ уақытқа 
 
қалдыру суреттің тұрып қалуына (экранның күйіп 
кетуіне) немесе жанама суреттердің болуына әкелуі 
мүмкін. Құрылғыны қолданбағанда сенсорлық 
экранды өшіріп қойыңыз.
Сенсорлық экранды оңтайлы пайдалану үшін 
 
телефоныңызды пайдаланудан бұрын экранның 
қорғаныш үлдірін алып тастаңыз.
Сенсорлық экранның бір қабаты адам денесінен 
 
шығатын әлсіз электр разрядтарын сезеді. Ең жақсы 
нәтиже алу үшін сенсорлық экранға саусағыңыздың 
ұшын тигізіңіз. Сенсорлық экран қауырсын қалам 
немесе жай қалам сияқты үшкір заттардың тигеніне 
жауап бермейді.