Samsung RB6000KC Нижняя морозильная камера с технологией Space Max™, 344 л Manuel D’Utilisation

Page de 200
Казақ  33
Іске
 пайдалану
01 Тоңазытқыш / Қарқынды салқындату (3 сек)
Fridge 
(Тоңазытқыш)
Тоңазытқыштың температурасын реттегіңіз келсе, тиісті температураны таңдау 
үшін 
Fridge (Тоңазытқыш) түймесін басыңыз.
Температураны 1 °C және 7 °C (әдепкі. 3 °C) аралығына қоюға болады.
Power Cool 
(Қарқынды 
салқындату)
Power Cool (Қарқынды салқындату) функциясы желдеткішті ең үлкен 
жылдамдыққа қойып, салқындатуды тездетеді. Тоңазытқыш екі жарым сағат ең 
үлкен жылдамдықта жұмыс істеп тұрады да, содан кейін алдыңғы температураға 
қайтады.
•  Power Cool (Қарқынды салқындату) функциясын қосу үшін 
Fridge 
(Тоңазытқыш) түймесін 3 секунд басып ұстап тұрыңыз. Тиісті индикатор ( ) 
жанады да, тоңазытқыш салқындату үдерісін жылдамдатады.
•  Power Cool (Қарқынды салқындату) функциясын сөндіру үшін 
Fridge 
(Тоңазытқыш) түймесін қайта 3 секунд басып ұстап тұрыңыз. Тоңазытқыш 
алдыңғы температура параметріне қайтады.
ЕСКЕРТПЕ
Power Cool (Қарқынды салқындату) функциясын қолданғанда, пайдаланылатын 
қуат мөлшері артады. Функцияны пайдаланғыңыз келмесе, сөндіріп, алдыңғы 
температураға қайтарыңыз.
02 Мұздатқыш / Қарқынды мұздату (3 сек)
Freezer 
(Мұздатқыш)
Freezer (Мұздатқыш) түймесін мұздатқыш температурасын орнату үшін 
пайдалануға болады.
Қолжетімді температуралар: -15 °C және -23 °C аралығында (әдепкі: -19 °C).
Power Freeze 
(Қарқынды 
мұздату)
Power Freeze (Қарқынды мұздату) функциясы желдеткішті ең үлкен жылдамдыққа 
қойып, мұздатуды тездетеді. Мұздатқыш 50 сағат ең жоғарғы жылдамдықпен 
жұмыс істеп тұрады да, содан кейін алдыңғы температураға қайтады.
•  Power Freeze (Қарқынды мұздату) функциясын қосу үшін 
Freezer 
(Мұздатқыш) түймесін 3 секунд басып ұстап тұрыңыз. Тиісті индикатор ( ) 
жанады да, тоңазытқыш мұздату үдерісін жеделдетеді.
•  Сөндіру үшін 
Freezer (Мұздатқыш) түймесін қайта 3 секунд басып ұстап 
тұрыңыз. Мұздатқыш алдыңғы температура параметріне қайтады.
•  Көп мөлшердегі тағамды мұздату үшін, тағамды мұздатқышқа салу алдында, 
Power Freeze (Қарқынды мұздату) функциясын кемінде 20 сағат қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Power Freeze (Қарқынды мұздату) функциясын қолданғанда, пайдаланылатын 
қуат мөлшері артады. Функцияны пайдаланғыңыз келмесе, сөндіріңіз де, алдыңғы 
температураға қайтарыңыз.
Untitled-11   33
2016-08-19     4:49:45