Samsung RB6000KC Нижняя морозильная камера с технологией Space Max™, 344 л Manuel D’Utilisation

Page de 200
Іске пайдалану
Казақ
36 
Іске
 пайдалану
Samsung Smart Home
Орнату
Google Play Store, Galaxy Apps немесе Apple App Store дүкеніне барып, “Samsung Smart Home” 
қолданбасын іздеңіз. Samsung Electronics ұсынатын Samsung Smart Home қолданбасын смарт 
құрылғыңызға жүктеп орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
•  Samsung Smart Home қолданбасы Android 4.0 (ICS) немесе кейінгі немесе iOS 7.0 немесе кейінгі 
нұсқалар үшін жасалған және Samsung смартфондары (Galaxy S және Galaxy Note сериялары) үшін 
оңтайландырылған. Басқа смартфон үлгілерінде кей функциялар басқаша жұмыс істеуі мүмкін. 
•  Жұмыс тиімділігін арттыру үшін Samsung Smart Home қолданбасына алдын ала ескертусіз өзгеріс 
енгізіледі немесе өндіруші саясаты бойынша оған қолдау көрсету тоқтатылады.
Samsung есептік жазбасы
Қолданбаны пайдалану үшін Samsung есептік жазбаңыз тіркелген болуы керек. Samsung есептік жазбаңыз 
жоқ болса, Samsung есептік жазбасын тегін тіркеу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Іске кірісу
1.  Smart Home Dongle құралын тоңазытқышыңыздың тиісті ұясына кіргізіңіз.
2.  Samsung Smart Home қолданбасын қосып, Samsung есептік жазбаңыз арқылы кіріңіз. iPhone 
пайдаланушыларынан жүйеге кіру дерегін қолданбаға кірген сайын енгізу талап етіледі.
3.  Devices (Құрылғы) > + белгішесіне кіріп, содан кейін Refrigerator (Тоңазытқыш) параметрін түртіңіз.
4.  Роутер туралы қажетті ақпарат беру үшін экрандағы нұсқауларды орындап, содан кейін Next (Келесі) 
түймесін басыңыз.
5.  Fridge (Тоңазытқыш) түймесін дисплейде "AP (КН)" хабары пайда болғанша 5 секундтан көбірек 
басып ұстап тұрыңыз. Тоңазытқышыңыз қолданба жүйесінде тіркеледі.
6.  Құрылғыны тіркеу аяқталғанда, Samsung Smart Home қолданбасында тоңазытқыш белгішесі пайда 
болады.
7.  Тоңазытқыш бетін ашу үшін тоңазытқыш белгішесін түртіңіз.
8.  Желімен байланыс орнатылғанда, тоңазытқышта Wi-Fi белгішесі жанады. 
Тоңазытқыш қолданбасы
Кіріктірілген басқару
Тоңазытқышыңызды үйден, сондай-ақ, үйде емес кезде басқарып және бақылай аласыз.
•  Тоңазытқыш бетін ашу үшін Samsung Smart Home қолданбасындағы тоңазытқыш белгішесін түртіңіз.
•  Тоңазытқыштың жұмыс күйін немесе хабарландыруын тексеріп, қажет болса, опцияларын немесе 
параметрлерін өзгертіңіз.
ЕСКЕРТПЕ
Тоңазытқыштың кейбір опциялары немесе параметрлері қашықтан басқаруға келмеуі мүмкін.
Untitled-11   36
2016-08-19     4:49:45