Samsung RB6000KC Нижняя морозильная камера с технологией Space Max™, 344 л Manuel D’Utilisation

Page de 200
Казақ  19
Қауіпсіздік т
уралы ақпарат
Құрылғыны қоқысқа тастауға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
•  Бұл құрылғының орам материалдарын қоршаған ортаға зиян 
келтірмейтін етіп тастау керек.
•  Құрылғыны қоқысқа тастар алдында, артқы түтіктерінің 
ешбіріне зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.
•  Салқындатқыш ретінде R-600a немесе R-134a 
пайдаланылған. Тоңазытқышыңызда қандай тоңазытқыш 
сұйық қолданылғанын, құрылғының артындағы 
компрессордың жапсырмасынан немесе құрылғының 
ішіндегі техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз. Бұл 
тоңазытқышта тұтанғыш газ (R-600a салқындатқышы) бар 
болса, бұл құрылғыны қауіпсіз етіп тастау үшін жергілікті 
уәкілетті мекемеге хабарласыңыз.
•  Бұл тоңазытқышты тастаған кезде, кішкене балалар немесе 
жануарлар қамалып қалмас үшін тоңазытқыштың есігін/
есігінің тығыздағышын және есігінің бекітпесін ағытып алыңыз. 
Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек. 
Бала ішіне қамалып қалса, жарақат алуы немесе тұншығып 
мерт болуы мүмкін.
-  Бала қамалып қалса, жарақат алуы және тұншығып мерт 
болуы мүмкін.
•  Оқшаулау үшін циклопентан қолданылған. Оқшаулау 
материалындағы газды тастау үшін арнайы қоқысқа тастау 
шарасын орындау керек. Осы құрылғыны қоршаған ортаға 
залал тигізбейтін етіп тастау үшін жергілікті уәкілетті мекемеге 
хабарласыңыз.
Untitled-11   19
2016-08-19     4:49:43