Samsung RS57K4000SA Manuel D’Utilisation

Page de 160
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Казақ
8 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
•  Қуат ашасын су қолыңызбен розеткаға сұқпаңыз.
 - Себебі электр қатері орын алуы мүмкін.
•  Құрылғының үстіне зат қоймаңыз.
 - Есікті ашқанда немесе жапқанда, заттар құлап кетіп, адам жарақаттануы немесе және/не мүлікке 
зиян келуі мүмкін.
•  Қолдарыңызды, аяқтарыңызды немесе темір заттарды (мысалы, тіс шұқығыш т.с.с.) тоңазытқыштың 
астыңғы немесе артқы жақтарына салмаңыз.
 - Себебі электр қатері орын алуы немесе жарақат алуыңыз мүмкін.
 - Кез келген өткір қырлар жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
•  Мұздатқыш бөліктің ішкі қабырғасын немесе мұздатқыш бөліктің ішінде тұрған заттарды су қолмен 
ұстамаңыз.
 - Теріні қарып кетуі мүмкін.
•  Су құйылған сауытты тоңазытқыштың үстіне қоймаңыз.
 - Төгіліп қалса, өрт шығуы немесе электр қатері пайда болуы мүмкін.
•  Тоңазытқыштың ішіне буланғыш немесе тұтанғыш нәрселерді немесе заттарды (бензол, сұйылтқыш, 
пропан газы, спирт, эфир, СГ және тағы басқа осы сияқты заттарды) сақтамаңыз.
 - Бұл тағам сақтауға ғана арналған тоңазытқыш.
 - Себебі өрт немесе жарылыс шығуы мүмкін.
•  Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.
 - Саусақтарыңызды "қыстыратын аумақтардан" алыс ұстаңыз. Есіктер мен корпустың арасына 
қажетіне орай шамалы орын қалдырылған. Балалар жақын жерде болса, есіктерді байқап ашыңыз.
•  Балаларға есікке немесе есіктің сауыттарына тартылып тұруға рұқсат бермеңіз. Ауыр жарақат алуы 
мүмкін.
•  Балаларға тоңазытқыштың ішіне кіруге рұқсат бермеңіз. Қамалып қалуы мүмкін.
•  Қолыңызды құрылғының астына сұқпаңыз.
 - Өткір қырларына жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.
•  Фармацевтикалық өнімдерді, ғылыми материалдарды не температураға сезімтал заттарды 
тоңазытқышта сақтамаңыз.
 - Температурасын қатаң бақылап отыруды қажет ететін өнімдерді тоңазытқышта сақтамаңыз.
•  Тоңазытқыш/мұздатқыштың ішіне өндіруші арнайы рұқсат етпеген электр құрылғыларын қоюға 
немесе қолдануға болмайды.
•  Егер фармацевтикалық заттың немесе түтіннің иісін сезсеңіз, қуат ашасын дереу ағытып, Samsung 
Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•  Тоңазытқышқа шаң немесе су кірсе, ашасын суырып алыңыз да, Samsung Electronics қызмет көрсету 
орталығына хабарласыңыз.
 - Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.
Untitled-32   8
2016-03-17     6:17:52