Samsung RS57K4000SA Manuel D’Utilisation

Page de 160
Іске пайдалану
Казақ
40 
Іске пайдалану
Арнайы функциялар
Тоңазытқыш пайдаланушының қажетіне жаратуға арналған, пайдаланушыға арналған құралдардан 
тұрады.
Су сауыты (қол жетімді үлгілерде ғана)
Су сауытын қолдану арқылы тоңазытқыштың есігін ашпай-ақ, салқын су құйып алуға болады.
Диспенсердің екі тұтқасы бар: сол жақ тұтқасы мұзға және оң жақ тұтқасы суға арналған.  
Мұз жасағыш қосулы тұрғанда,
1.  Су құятын стаканды сол жақ тұтқаға қойып, 
оны басыңыз. Диспенсерден мұз үлестіріледі.
2.  Су құятын стаканды оң жақ тұтқаға қойып, оны 
басыңыз. Диспенсерден су үлестіріледі.
ЕСКЕРТПЕ
•  Диспенсер үлестіріп болғаннан кейін, су шашырамас үшін стаканды алардан бұрын 2 секунд күтіңіз.
•  Диспенсер тұтқасын шамамен 1 минут басып тұрсаңыз, диспенсер үлестіруін тоқтатады. Көбірек су 
алу үшін тұтқаны босатып, содан кейін қайта итеріңіз.
•  Су алып жатқанда шашырап кетпеу үшін стаканның диспенсерге дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз.
•  Су диспенсерін 2-3 күн пайдаланбасаңыз, алынған судан біртүрлі иіс шығуы немесе дәм сезілуі 
мүмкін. Бұл жүйенің ақауы емес. Бастапқы 1-2 стакан суды төгіп тастаңыз. 
Мұз жасау (қол жетімді үлгілерде ғана)
Майысқақ мұз жасағыш
A
1.  Мұздатқыштың есігін ашыңыз да, мұз науасын 
сырғытып шығарыңыз.
2.  Науаның ішкі артқы жағында көрсетілген макс. 
деңгейіне (A) жеткенше су құйыңыз.
3.  Науаны қайта орнына сырғытып енгізіңіз.
Untitled-32   40
2016-03-17     6:18:00