Samsung RF9000 Холодильник с трёхконтурной системой охлаждения Triple Cooling, 611 л Manuel D’Utilisation

Page de 132
Казақ 9 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
•  Ультракүлгін LED шамына ешқашан ұзақ уақыт тура қарамаңыз.
 - Себебі ультракүлгін сәулелердің әсерінен көзіңіз талығуы мүмкін.
•  Тоңазытқыштың сөресін төңкеріп қоймаңыз. Сөренің тірегіші жұмыс істей алмайды.
 - Шыны сөре құлап кетіп, адам жарақат алуы мүмкін.
•  Саусақтарыңызды "қыстыратын аумақтардан" алыс ұстаңыз. Есіктер мен корпустың арасына қажетіне 
орай шамалы орын қалдырылған. Балалар жақын жерде болса, есіктерді байқап ашыңыз.
•  Газ жылыстап шыққанын байқасаңыз, ашық от көзінің немесе басқа да газды тұтандыруы мүмкін 
заттардың жоқ екенін тексеріңіз де, құрылғы тұрған бөлмені бірнеше минут желдетіңіз.
 - Құрылғыға немесе қуат сымына қол тигізбеңіз.
 - Желдеткішті қолданбаңыз.
 - Жарқыл пайда болып, жарылысқа немесе өртке ұласуы мүмкін.
•  Өндіруші немесе оның қызмет көрсету агенті жеткізген LED шамдарын ғана қолданыңыз.
•  Бөтелкелерді құлап қалмас үшін бір-біріне өте жақын орналастырып қою керек.
•  Бұл тек үйде тағам сақтауға арналған құрылғы.
•  Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекет етпеңіз.
•  Рұқсат етілмеген өзгерістер енгізілсе, қауіпсіздікке қайшы жағдайлар туындауы мүмкін. Рұқсат 
етілмеген өзгерістерден кейін тоңазытқышты қалпына келтірсек, бөлшектердің құны мен мен жұмыс 
ақысын толық аламыз.
•  Стандартты сақтандырғыштан басқа сақтандырғышты (мысалы, мыс, темір сым т.б.) пайдаланбаңыз.
•  Тоңазытқышты жөндеу немесе қайта орнату қажет болса, жақын жердегі сервис орталығына 
хабарласыңыз.
 - Бұлай істемеген кезде, электр қатері, өрт, құрылғыға байланысты ақау немесе жарақат алу қаупі 
пайда болуы мүмкін.
•  Ішкі немесе сыртқы LED шамы жанып кетсе, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына 
хабарласыңыз.
•  Тоңазытқыштан тұтанған иіс немесе түтін шыққаны байқалса, дереу ток көзінен ағытыңыз да, 
Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
 - Бұлай істемесеңіз, электр қатері пайда болуы немесе өрт шығуы мүмкін.
•  Тоңазытқыштың ішкі шамдарын ауыстырар алдында ашаны розеткадан суырыңыз
 - Себебі, электр тоғына түсу қатері бар.
•  LED емес шамды ауыстыру қиынға соқса, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•  Құрылғы LED шамдарымен жабдықталса, шамның қақпақтары мен LED шамдарын өзіңіз ағытпаңыз.
 - Жақын жердегі Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•  Ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз.
•  Зақым келген ашаны, қорек сымын немесе босап қалған розетканы пайдаланбаңыз.
 - Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Untitled-2   9
2017-02-06     6:01:57