Samsung RF9000 Холодильник с трёхконтурной системой охлаждения Triple Cooling, 611 л Manuel D’Utilisation

Page de 132
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Казақ
12 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
•  Оқшаулау үшін циклопентан қолданылған. Оқшаулау материалындағы газды тастау үшін арнайы 
қоқысқа тастау шарасын орындау керек. Осы құрылғыны қоршаған ортаға залал тигізбейтін етіп 
тастау үшін жергілікті уәкілетті мекемеге хабарласыңыз.
•  Орам материалдарының барлығын балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі орам 
материалдары балалар үшін қауіпті болуы мүмкін.
 - Бала басына қалтаны киіп алса, тұншығып қалуы мүмкін.
Құрылғыны дұрыс пайдалануға арналған қосымша кеңес
•  Ток сөніп қалған жағдайда, жергілікті электрмен жабдықтау компаниясына қоңырау шалып, электр 
тогының қанша уақыт болмайтынын сұраңыз.
 - Ток бір немесе екі сағат ішінде қалпына келсе, тоңазытқыш температурасына әсер етпейді. 
Дегенмен, ток сөніп тұрған кезде тоңазытқыштың есігін барынша аз ашу керек.
 - Ток 24 сағаттан көп сөнсе, мұздатылған тағамдардың барлығын алыңыз да, тастаңыз.
•  Құрылғыны температурасы бұл құрылғы жұмыс істейтін ортаның температурасынан үнемі төмен 
болатын жерге ұзақ уақыт қойсаңыз, тоңазытқыш бір қалыпты (мұздатылған тағам еріп кетуі немесе 
мұздатылған тағам бөлігіндегі температура тым төмендеп кетуі) жұмыс істемеуі мүмкін.
•  Тағамдардың кей түрлерін тоңазытып сақтаған кезде, тағам сапасына қарай дұрыс сақталмауы 
мүмкін.
•  Құрылғыңызға мұз қатпайды, басқаша айтқанда, құрылғының мұзын қолдан жібітудің қажеті жоқ. Бұл 
әрекет автоматты түрде орындалады.
•  Жібіту кезінде температураның көтерілуі ISO талаптарына сай келеді. Құрылғыны жібіту барысында 
тоңазытқыш ішіндегі мұздатылған тағам температурасының жоғарылап кетуін қаламасаңыз, 
мұздатылған тағамды бірнеше қабат газетке ораңыз.
•  Мұздатылған тағамды әбден жібітіп болғаннан кейін қайта мұздатпаңыз.
•  Екі жұлдыз таңбасы салынған бөлімнің (бөлімдердің) немесе екі жұлдыз белгісі бар (
) бөліктің 
(бөліктердің) температурасы, басқа мұздатқыш бөлікке (бөліктерге) қарағанда сәл жоғарырақ.
Екі жұлдызы бар бөлім (бөлімдер) немесе бөлік (бөліктер) құрылғыны жеткізген кездегі нұсқауларға 
және/немесе жағдайларға сай келеді.
Untitled-2   12
2017-02-06     6:01:57