Samsung RF9000 Холодильник с трёхконтурной системой охлаждения Triple Cooling, 611 л Manuel D’Utilisation

Page de 132
Казақ 31 
Іске пайдалану
01 Тоңазытқыш
Fridge 
(Тоңазытқыш)
Fridge (Тоңазытқыш) түймесін тоңазытқыштың температурасын орнату үшін 
пайдалануға болады.
Тоңазытқыш үшін салқындату температурасын қолдан реттеуге болады. 
Температура индикаторы қазір орнатылып тұрған немесе таңдалған 
температурадан хабар береді. 1 °C және 7 °C арасындағы қажетті температураны 
таңдау үшін 
Fridge (Тоңазытқыш) түймесін баса беріңіз.
02 Салқын аумақ+ (3 сек)
Cool Select (Салқын аумақ) функциясының көмегімен тоңазытқыштың астыңғы оң жағындағы Салқын 
аумақ бөлігінде орналасқан тағамдарды реттеп орналастыруға болады. 
Cool Select+ (Салқын аумақ+) 
түймесін 3 секунд басып ұстап тұрыңыз да, содан кейін режимдерді шарлаңыз. Қажетті режимді таңдаған 
кезде түймені босатыңыз. Төмендегі 4 режимге қол жетімді:
Freezer 
(Мұздатқыш)
Салқын аумақ бөлігіне мұздатқыштағы температураны орнату үшін 
Freezer 
(Мұздатқыш) түймесін басыңыз.
Бұл мұздатылған тағамды жаңа күйінде сақтау үшін тиімді.
Soft Freezing 
(Баппен мұздату)
Салқын аумақ бөлігіне -5 °C температураны орнату үшін 
Soft Freezing (Баппен 
мұздату) түймесін басыңыз.
Бұл функция ет пен балықты ұзақ уақыт сақтау үшін пайдалы.
Chill/Meat 
(Тоңазыту/Ет)
Салқын аумақ бөлігіне -1 °C температураны орнату үшін 
Chill/Meat (Тоңазыту/Ет) 
түймесін басыңыз.
Бұл стейік, балық, бэкон және ірімшік тәрізді балғын тағамдарды сақтау үшін 
пайдалы. 
Cool (Салқын)
Салқын аумақ бөлігіне 2 °C температураны орнату үшін 
Cool (Салқын) түймесін 
басыңыз.
Бұл жалпы мақсатта қолданылатын су, балшырын, сусын және сыра тәрізді 
тағамдарды сақтау үшін тиімді.
АБАЙЛАҢЫЗ
•  Функцияны қосқанда немесе сөндіргенде, температура айырмашылығына байланысты еттің қан-сөлі 
немесе тағамның ылғалы шығуы мүмкін.
•  Салқын аумақ бөлігі тоңазытқыш параметрлерінде тұрғанда ет немесе тағам сақтамаңыз. Ет немесе 
тағам бұзылып кетуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ
Түйме іске қосылмаса, түйменің бұғаттаулы емес екеніне көз жеткізіңіз. 
Control Lock (Басқару панелінің 
бекітпесі) түймесін, бекітпе белгісі бұғатталмау ( ) күйіне қойылғанша 3 секундтан астам басып 
тұрыңыз. Содан кейін, режимді ауыстыру үшін 
Cool Select+ (Салқын аумақ +) түймесін 3 секундтан 
астам басып тұрыңыз.
Untitled-2   31
2017-02-06     6:02:01