Samsung RT6000К Верхняя морозильная камера с технологией Twin Cooling Plus™, 542 Л Manuel D’Utilisation

Page de 156
Казақ
48 
Ақаулықты түзету
Тоңазытқышқа қатысты түсініксіз жағдайға кез болсаңыз, әуелі төмендегі кестені қарап, ұсыныстарды 
қолданып көріңіз.
Жалпылама ақпарат
Белгісі
Әрекет
Жұмыс 
істемейді немесе 
салқындатпайды.
•  Қуат сымының дұрыс қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
•  Температура тетігінің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
•  Тоңазытқышты тура түсетін күн көзінен немесе қызу көзінен алысқа 
қойыңыз. Бұл нұсқау орындалмаса, салқындату қарқынына әсер етуі 
мүмкін.
•  Тоңазытқыш пен артқы және бүйір жақ қабырғалардың немесе шкаф 
арасында жеткілікті орын болуын қамтамасыз етіңіз. Бұл нұсқау 
орындалмаса, салқындату қарқынына әсер етуі мүмкін.
•  Тағам өте көп салынса, тоңазытқыштың желдетуін бөгейді. 
Тоңазытқыштың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оған көп 
тағам салмаңыз.
Тоңазытқыштың 
ішіндегі тағам 
мұздайды.
•  Температураның ең төменгі температураға қойылғанын тексеріңіз. 
Солай болса, температураны жоғарғы немесе оңтайлы температураға 
қойыңыз.
•  Ортаның температурасы тым төмен болса осындай жағдай орын 
алады. Жоғарырақ температураны орнатыңыз.
•  Құрамында суы көп тағамның тоңазытқыштың ең суық жеріне немесе 
салқындату саңылауына жақын қойылғанын тексеріңіз. Осылай болса, 
тағамды тоңазытқыштың басқа сөрелеріне ауыстырыңыз.
Шуыл шығады.
•  Тоңазытқыштың орнықты, тегіс жерге қойылғанына көз жеткізіңіз.
•  Тоңазытқыш пен артқы және бүйір жақ қабырғалардың немесе шкаф 
арасында жеткілікті орын болуын қамтамасыз етіңіз.
•  Тоңазытқыштың ішкі немесе астыңғы жағын қоқыстан немесе бөгде 
заттардан таза ұстаңыз. 
•  Құрылғының ішкі жағынан сырылдаған дыбыс естілуі мүмкін, бұл әр 
түрлі алмалы бөліктердің тартылуына немесе ісінуіне байланысты. Бұл 
жүйенің ақауы емес.
Алдыңғы бұрыштары 
мен бүйір жақтары 
жылып, оларға 
конденсат тұруы 
мүмкін. 
•  Конденсаттың пайда болуына жол бермеу үшін тоңазытқыштың 
алдыңғы бұрыштарына қызуға төзімді түтіктер орнатылған. Бұл 
құрылғы ортаның температурасы жоғарыласа дұрыс жұмыс істемеуі 
мүмкін. Бұл жүйенің ақауы емес.
•  Ылғалды ауа тоңазытқыштың салқын бетіне тигенде, тоңазытқыштың 
сыртқы бетіне конденсат тұруы мүмкін.
Мұздатқыш мұз 
жасамайды.
•  Тоңазытқыш мұз жасағанша 12 сағат күтуіңіз керек.
•  Мұз жасағыштың мұз жасап тұрғанда тоқтап қалмағанына көз жеткізіңіз.
•  Мұздатқыштың 0 °C градустан (немесе жылы ортада -5 °C) төмен 
температураға қойылғанын тексеріңіз.
•  Су сауытында су бар екеніне көз жеткізіңіз.
Ақ
ау
лықты түз
ет
у
Untitled-5   48
2016-03-21     2:49:43