Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин) Manuel D’Utilisation

Page de 445
Желі арқылы драйверді орнату
213
2.  Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
UNIX принтер драйвері бумасын орнату
Орнату іс-рəсімі барлық аталған UNIX амалдық жүйе нұсқаларында 
бірдей.
1
Samsung веб-торабынан UNIX принтер драйвері бумасын 
компьютерге қотарыңыз жəне ашыңыз. 
Түбірлік артықшылықтарды алыңыз.
su -
Тиісті драйвер мұрағатын мақсатты UNIX компьютеріне 
көшіріңіз.
 
Егжей-тегжейлерді алу үшін UNIX амалдық жүйесінің басқару 
нұсқаулығын қараңыз.
 
UNIX принтер драйвері бумасының мұрағатын ашыңыз.
Мысалы, IBM AIX жүйесінде келесі пəрмендерді пайдаланыңыз.
gzip -d < бума атауын енгізіңіз | tar xf -
Ашылған каталогқа өтіңіз.
Орнату сценарийін іске қосыңыз.
./install –i
install – UNIX принтер драйвері бумасын орнату немесе жою 
үшін пайдаланылатын орнатушы сценарий файлы.
Орнату сценарийіне рұқсат ету үшін «chmod 755 install» 
пəрменін пайдаланыңыз.
Бүкіл буманы жою үшін «. /install –c” пəрменін орындаңыз.
Пəрмен жолында “installprinter” орындаңыз. Add Printer 
Wizard
 терезесі шығады. Кeлесі іс рəсімдерді орындап, осы 
терезеде принтерді теңшеңіз.
 
Кейбір UNIX амалдық жүйелерінде, мысалы, Solaris 10 жүйесінде 
жаңа ғана қосылған принтерлер қосылмауы жəне/немесе 
тапсырмаларды қабылдамауы мүмкін. Бұл жағдайда root 
терминалында келесі екі пəрменді орындаңыз:
accept <printer_name>
enable <printer_name>