Samsung 27" TV-монитор T27D590EX премиум-класса с металлической подставкой Manuel D’Utilisation

Page de 89
АВ құрылғыларды (Блю-рей ойнатқыштар, DVD ойнатқыштар т.с.с.) қосу 
ЖА қосылым үшін HDMI сымын пайдалану (1080p дейін ЖА сандық сигналдары 
үшін) 
ЖА суретінің сапасын ең жоғары деңгейге көтеру үшін HDMI қосылымын пайдалану керек. 
DVD, Блю-рей ойнатқыштарды, ЖА кабель ресиверін және ЖА жерсерік ресиверлерін пайдаланыңыз. 
HDMI сымы
 
HDMI IN 1 (DVI) / HDMI IN 2 (MHL)
 
Сурет пен аудио сапасы өте жақсы болуы үшін, сандық құралдарды HDMI сымын пайдаланып 
құрылғыға жалғаңыз. 
 
HDMI сымы сандық видео және аудио сигналдарға қолдау көрсетеді, және аудио сымды қажет етпейді. 
 
Құрылғыны HDMI режиміне қолдау көрсетпейтін сандық құралға қосу үшін, HDMI-DVI сымы мен 
аудио сымдарды пайдаланыңыз.
 
Егер ескірек HDMI нұсқасын пайдаланатын сыртқы құрылғыны жалғасаңыз, видео мен аудио жұмыс 
жасамауы мүмкін.  Бұндай жағдай орын алса, сыртқы құралды өндірушіден HDMI нұсқасын сұрап 
біліңіз де, егер оның ескі нұсқасы қолданылған болса жаңартып беруін сұраңыз. 
 
Сертификатталған HDMI сымын сатып алуды ұмытпаңыз. Әйтпесе, сурет көрсетілмеуі немесе 
қосылымға қатысты ақаулық орын алуы мүмкін.
 
Біз негізгі жоғары жылдамдықты HDMI сымын немесе Ethernet желісімен сыйысымды HDMI сымын 
қолдануды ұсынамыз. Бұл құрылғы “Ethernet” функциясына HDMI арқылы қолдау көрсетпейтіні есіңізде 
болсын.
Казақ - 18
Казақ - 19
Жалғау
Жалғау