Samsung 27" TV-монитор T27D590EX премиум-класса с металлической подставкой Manuel D’Utilisation

Page de 89
Anynet+ (HDMI-CEC)
Мәзір
 → 
Жүйе
 → 
Anynet+ (HDMI-CEC)
Anynet+ дегеніміз, Anynet+ функциясын қолдайтын, барлық жалғаулы тұрған Samsung құрылғыларын, 
Samsung қашықтан басқару пульті арқылы басқаруға мүмкіндік беретін функция. Anynet+ жүйесін Anynet+ 
функциясы бар Samsung құрылғыларында ғана пайдалануға болады. Өз Samsung құрылғыңызда бұл 
функцияның бар-жоғын білу үшін онда Anynet+ логотипінің бар-жоғын тексеріңіз.
 
Anynet+ құрылғыларын құрылғының түймешіктерін емес, ТД-дың қашықтан басқару пультін ғана 
қолданып басқара аласыз.
 
Белгілі бір жағдайларда құрылғының қашықтан басқару пульті жұмыс істемеуі мүмкін. Бұндай 
жағдайда Anynet+ + құрылғысын қайтадан таңдаңыз.
 
Anynet+ функциялары басқа өндірушілердің өнімдерін қолданғанда жұмыс істемейді. 
 
Anynet+ сыртқы құрылғыларын қолдануға қатысты нұсқауларды құрылғының пайдаланушы 
нұсқаулығынан қараңыз. Anynet+ құрылғысын HDMI сымын қолданып жалғау керек. Кейбір HDMI 
сымдары Anynet+ функциясын қолдамауы мүмкін.
 
Anynet+ тек Anynet+ функциясын қолдайтын аудио-видео құрылғы күту немесе "қосу" қалпында тұрса 
ғана жұмыс жасайды.
 
Anynet+ жалпы саны 12-ге дейінгі аудио-видео құрылғыларды қолдайды. Бір уақытта ең көбі 3 бірдей 
құрылғыларды қосуға болатынын ескеріңіз.
Казақ - 64
Казақ - 65
Кеңейтілген функциялары