Samsung U28E850R Manuel D’Utilisation

Page de 127
30
Дайындықтар
1
1 Дайындықтар
Қабырғаға бекіту жинағының сипаттамалары (VESA)
 
Қабырға бекіткішін еденге перпендикуляр болатын тұтас қабырғаға орнатыңыз. Қабырға 
бекіткішін құрғақ сылақ сияқты бетке бекітпестен бұрын қосымша ақпарат алу үшін жақында 
орналасқан дилерге хабарласыңыз. Егер мониторды көлбеу қабырғаға орнатсаңыз ол құлап, 
қатты дене жарақатына əкелуі мүмкін.
Samsung қабырға бекіткіші жинақтарында толық орнату нұсқаулығы мен орнатуға қажетті 
барлық бөлшектер бар.
 
Бірлік: мм
 
Қабырға бекіткіші жинағын монитор қосулы болғанда орнатпаңыз. Ток соғып зақымдауға əкелуі 
мүмкін.
 
 
VESA стандартының бұрандаға қатысты сипаттамаларына 
сəйкес келмейтін немесе стандартты ұзындықтан ұзын 
бұрандаларды пайдаланбаңыз. Өте ұзын бұрандалар 
монитордың ішіне зақым келтіруі мүмкін.
VESA стандартының бұрандаға қатысты сипаттамаларына 
сəйкес келмейтін қабырға бекіткіштеріндегі 
бұрандалардың ұзындығы қабырға бекіткішінің техникалық 
сипаттамаларына байланысты əр түрлі болуы мүмкін.
Бұрандаларды өте қатты тартпаңыз. Бұл мониторды 
зақымдауы немесе оның құлап кетіп сізге зиян келтіруі 
мүмкін. Samsung мұндай зақымдарға жауапты емес.
Samsung корпорациясы мониторға немесе VESA не 
арнайы емес қабырға бекіткіштері пайдаланылған кезде 
немесе тұтынушы мониторды орнату нұсқаулықтарын 
орындамаған жағдайда болған зақымға жауапты емес.
Бұйымды 15 градустан артық көлбеу орнатпаңыз.
Өнімді қабырғаға орнатқан кезде əрқашан екі адам 
болсын.
Қабырға бекіткіші жинақтарының стандартты өлшемдері 
төмендегі кестеде берілген.
 
Модель атауы
VESA бұранда тесігі 
сипаттамалары (A * 
B) миллиметрмен 
берілген
Стандартты 
бұранда
Саны
U24E850R
U28E850R
U32E850R
100 x 100
M4
4