Samsung 28" TV-монитор с функцией Мультиэкранного Режима Guide D’Installation Rapide

Page de 92
Қабырғалық аспа жинақты орнату
Қабырғалық аспа жинақ ТД-ды қабырғаға орнатуға мүмкіндік береді. Қабырғалық аспа жинақты орнату туралы 
толық ақпаратты, қабырғалық аспа жинақтың нұсқаулығынан оқи аласыз. Қабырғаға орнатылатын құрсауды 
орнына қондыру үшін техник маманға хабарласыңыз. Өз бетіңізбен орындау ұсынылмайды. 
Samsung Electronics компаниясы ТД-ды өзіңіз орнатып, құрылғыға зақым келсе, өзіңіз немесе басқа адамдар 
жарақат алса жауапкершілік көтермейді.
Қабырғалық аспа жинақ параметрлері (VESA)
 
Қабырғалық аспа жинақты қатты қабырғаға, еденге перпендикуляр бағытта орнатыңыз. Басқа 
құрылыс материалдарына орнату үшін, жақын жердегі дилерге хабарласыңыз.  Төбеге немесе қисық 
қабырғаға орнатса құлап, адам қатты жарақат алуы мүмкін. 
 
ЕСКЕРІМ
 
Қабырғалық аспа жинақтың стандартты өлшемдері төмендегі кестеде көрсетілген. 
 
VESA стандартты бұрандалар спецификациясына сай келмейтін бұрандаларды қолданбаңыз.
 
Стандартты өлшемнен ұзын бұрандаларды қолданбаңыз, себебі теледидардың ішіндегі бөлшектерге 
зақым келуі мүмкін.
 
VESA стандартты бұрандалар спецификациясына сай келмейтін қабырғалық аспа жинақ қолданылса, 
бұрандаларының ұзындықтары басқаша болуы мүмкін.
 
Бұрандаларды тым қатайтпаңыз, себебі өнімге нұқсан келуі немесе құлап қалып, адамды жарақаттауы 
мүмкін. Samsung бұндай қатерлі оқиғалар үшін жауапкершілік көтермейді.
 
VESA стандартына сай емес немесе ұсынылмаған қабырғалық аспа жинақ қолданылса немесе сатып 
алушы өнімді орнату нұсқауларын орындамай, өнімге зақым келсе не адам жарақат алса, Samsung 
жауапкершілік көтермейді. 
 
Теледидарды орнатқанда 15 градустан асыра қисайтпаңыз.
дюйм
VESA Spec. (A * B)
23,6
75 X 75
27,5
100 X 100
31,5
200 X 200
Қабырғалық аспа жинақты ТД қосулы тұрғанда орнатпаңыз. Себебі электр тоғы соғып, адам 
жарақат алуы мүмкін.
Басқа ақпараттар 
Казақ - 74
Казақ - 75