Samsung 28" TV-монитор с функцией Мультиэкранного Режима Guide D’Installation Rapide

Page de 92
ТД-ды қабырғаға бекіту
Абайлаңыз: ТД-ды тартса, итерсе немесе үстіне шықса, құлап кетуі мүмкін. Сондай-ақ, 
балалардың ТД-ға артылып тұрмауына немесе оны қозғамауына көз жеткізіңіз.   Әйтпесе 
ТД аударылып кетіп, адам қатты жарақат алуы немесе мерт болуы мүмкін.  ТД жинағымен 
қоса берілген қауіпсіздік парағындағы сақтық шараларының барлығын орындаңыз. 
Қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде және өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін төменде 
сипатталған, аударылып қалуға қарсы құралды сатып алып орнатыңыз.
ТД құлап қалуға жол бермес үшін
1.  Бұрандаларды қапсырмаларға салыңыз да, қабырғаға мықтап бекітіңіз. 
Бұрандалардың қабырғаға мықтап бекігеніне көз жеткізіңіз. 
 
Қабырғаның түріне байланысты анкер шегесі тәрізді қосымша 
зат қажет болуы мүмкін.
 
Бұранда қапсырмасы, бұрандалар мен бау құрылғымен бірге 
жеткізілмейтіндіктен, оларды жеке сатып алу қажет.
2.  Бұрандаларды ТД-дың артқы ортаңғы жағынан алыңыз да, 
қапсырмаларға салыңыз, содан кейін бұрандаларды қайта ТД-ға 
бекітіңіз.
 
Бұранданың техникалық сипаттамасы
23,6 / 27,5 дюйм үшін: M4 
31,5 дюйм үшін: M8
3.  ТД-ға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға бекітілген қапсырмаларды 
берік сым арқылы жалғап, содан кейін мықтап байлаңыз.
 
ЕСКЕРІМ
 
ТД артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға таяу орнатыңыз.
 
Сақтық мақсатында қабырғаға бекітілген қапсырма мен ТД-ға 
бекітілген қапсырма бір деңгейде не одан төменірек тұру үшін 
оларды сыммен қосып байлаған дұрыс.
 
Сымды ТД-ды жылжытпай тұрып шешіңіз.
4.  Барлық қосылымдардың мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қосылымдардың босап қалмағанын 
мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қосылымдардың берік екендігіне күмәндансаңыз, білікті маманға 
хабарласыңыз.
 
Құрылғының түсі мен пішімі 
үлгі түріне қарай әр түрлі 
болуы мүмкін.
Қабырға
Басқа ақпараттар 
Казақ - 84
Казақ - 85