Samsung 24-дюймовый LED-монитор бизнес-класса (эргономичный дизайн) Manuel D’Utilisation

Page de 127
15
Құрылғыны пайдаланудан бұрын
 Құрылғыны пайдаланудан бұрын
 Абайлаңыз
Құрылғының саңылауларына немесе порттарына темір заттарды (темір 
таяқша, тиын, шаш түйрегіш, т.б.) немесе тез тұтанғыш заттарды (қағаз, 
сіріңке, т.б.) салмаңыз.
Егер құрылғыға су немесе кез келген басқа нəрсе кірсе, құрылғыны 
өшіріңіз, қуат кабелін ажыратыңыз жəне Samsung компаниясының 
клиенттерге қызмет көрсету орталығына (бет114) хабарласыңыз.
Құрылғы ақауы пайда болуы, ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін. 
Ішінде сұйықтық бар ыдыстарды (вазалар, қыш құмыралар, бөтелкелер, 
т.б.) немесе металл заттарды құрылғының үстіне қоймаңыз.
Егер құрылғыға су немесе кез келген басқа нəрсе кірсе, құрылғыны 
өшіріңіз, қуат кабелін ажыратыңыз жəне Samsung компаниясының 
клиенттерге қызмет көрсету орталығына (бет114) хабарласыңыз. 
Құрылғы ақауы пайда болуы, ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Экран бетінде ұзақ уақыт бойы қалған жылжымайтын сурет қалдық 
бейненің экранда қалуына немесе ақаулы нүктелерге себеп болуы мүмкін.
Егер құрылғыны ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, 
энергияны үнемдеу режимін немесе жылжымалы суреті бар экран 
сақтағышты іске қосыңыз.
Егер құрылғыны ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз (демалыс, 
т.б.), қуат кабелін розеткадан ажыратыңыз.
Жиналған шаңнан өрт шығуы, қатты қызып кетуі, ток соғуы немесе 
токтың шығуы мүмкін. 
Құрылғы үшін ұсынылған ажыратымдылық пен жиілікті пайдаланыңыз.
Болмаса, сіздің көру қабілетіңіз нашарлауы мүмкін.
Экранға ұзақ уақыт бойы тым жақын жерден қарасаңыз, көру қабілетіңіз 
төмендеуі мүмкін.
Мониторды аударып ұстамаңыз немесе тіреуішінен ұстап жылжытпаңыз.
Құрылғы құлап кетуі жəне бұзылуы немесе адамды жарақаттауы 
мүмкін.
100
!!
-_-
!
!
!