Samsung 24-дюймовый LED-монитор бизнес-класса (эргономичный дизайн) Manuel D’Utilisation

Page de 127
26
Дайындықтар
1
1 Дайындықтар
 
Ескертпелер
Стандартты ұзындықтан ұзын бұранданы қолдану құрылғының ішкі құрамдас бөлшектерін 
зақымдауы мүмкін.
VESA стандартына сəйкес емес қабырғаға бекітуге қажетті бұрандалардың ұзындығы 
техникалық сипаттарға байланысты өзгеруі мүмкін.
VESA стандарттарына үйлеспейтін бұрандаларды қолданбаңыз. Қабырғаға бекіту 
жиынтығын немесе үстел тұғырын қатты күш салып тақпаңыз. Құрылғы зақымдалуы 
немесе құлап кетіп адамды жарақаттауы мүмкін. Samsung компаниясы дұрыс емес 
бұрандаларды қолдану немесе қабырғаға бекіту жиынтығын немесе үстел тұғырын қатты 
күш салып тағу салдарынан болған кез келген зақымға немесе жарақаттарға жауапты 
болмайды.
Samsung компаниясы көрсетілген қабырғаға бекіту жиынтығын қолдану немесе қабырғаға 
бекіту жиынтығын өз бетіңізбен орнату салдарынан болған құрылғы зақымына немесе 
адам жарақатына жауапты болмайды.
Құрылғыны қабырғаға орнату үшін қабырғадан 10 см немесе одан да алыс орнатылатын 
қабырғаға бекіту жиынтығын сатып алғаныңызға көз жеткізіңіз.
Стандарттарға сəйкес келетін қабырғаға бекіту жиынтығын қолданыңыз.
Қабырғаға бекітуді пайдалану арқылы мониторды орнату үшін тіреуіш негізін монитордан 
ажыратыңыз.
 
1.3.5 Ұрлыққа қарсы құлпы
Ұрлыққа қарсы құлпы құрылғыны ортақ жерлерде қауіпсіз қолдануға мүмкіндік береді. Құлыптау 
құрылғысының кескіні мен құлыптау əдісі өндірушіге байланысты болады. Қосымша мəліметтер 
үшін ұрлыққа қарсы құлыптау құрылғысымен берілген пайдаланушы нұсқаулығына қараңыз. 
Құлыптау құрылғысы бөлек сатылады.
 
Бөліктердің түсі мен кескіні көрсетілген суреттен өзгеше болуы мүмкін. Сапаны жақсарту үшін 
техникалық сипаттары ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
 
Ұрлыққа қарсы құлыптау құрылғысын құлыптау үшін: 
1
Ұрлыққа қарсы құлыптау құрылғысының кабелін үстел сияқты ауыр затқа бекітіңіз.
2
Кабельдің бір шетін екінші жағындағы ілмекке қойыңыз.
3
Құлыптау құрылғысын құрылғының артқы жағындағы ұрлыққа қарсы құлып ұяшығына 
салыңыз.