Samsung 24" изогнутый монитор S24E510C с черным матовым корпусом Manuel D’Utilisation

Page de 75
75
Терминдер
OSD (Экран мәзірі)____ 
Экран мәзірі (OSD) ең 
жақсы сурет сапасын алу 
үшін экран параметрлерін 
конфигурациялауға мүмкіндік 
береді. Ол экранда көрсетілетін 
мәзірлер арқылы экранның 
жарықтығын, реңкін, өлшемін 
және көптеген басқа 
параметрлерін өзгертуге мүмкіндік 
береді.
Gamma____ Gamma мәзірі 
экрандағы көмескі түстерді 
көрсететін сұр шкаланы реттейді. 
Жарықтықты реттеу бүкіл 
экранның жарықтығын күшейтеді, 
бірақ Gamma параметрін реттеу 
тек орта жарықтықты күшейтеді.
Сұр шкала____ Шкала экрандағы 
көмескірек бөліктерден 
жарығырақ бөліктерге түс 
өзгерісінің ауытқуларын 
көрсететін түс ашықтығының 
деңгейлерін білдіреді. Экран 
жарықтығының өзгерістері қара 
және ақ өзгерісімен көрсетіледі 
және сұр шкала қара мен ақтың 
арасындағы ортаңғы аумақты 
білдіреді. Сұр шкаланы Gamma 
параметрін реттеу арқылы өзгерту 
экранның орташа жарықтығын 
өзгертеді.
Сканерлеу жылдамдығы____ 
Сканерлеу жиілігі немесе жаңарту 
жиілігі экран жаңартуларының 
жиілігін білдіреді. Кескінді 
көрсету үшін жаңарғанда экран 
деректері беріледі, бірақ жаңарту 
жай көзге көрінбейді. Экран 
жаңартуларының саны сканерлеу 
жиілігі деп аталады және Гц-
пен өлшенеді. Мәні 60 Гц болған 
сканерлеу жиілігі экранның бір 
секундта 60 рет жаңартылатынын 
білдіреді. Экранның сканерлеу 
жиілігі дербес компьютердегі және 
монитордағы бейнекарталардың 
жұмыс көрсеткіштеріне тәуелді 
болады.
Нүктелік қадам____ Экран 
қызыл, жасыл және көк 
нүктелерден тұрады.
Нүктелер арасындағы 
қысқа аралық жоғары 
ажыратымдылықты береді. 
Нүкте аралығы ұқсас түстің 
нүктелері арасындағы ең қысқа 
аралық арасындағы аралыққа 
қатысты болады. Нүкте аралығы 
миллиметрмен өлшенеді.
Көлденең жиілік____ Монитор 
экранында көрсетілген таңбалар 
немесе суреттер сансыз 
нүктелерден тұрады (пикселдер). 
Пикселдер көлденең сызықтармен 
жіберіледі, кейін олар сурет жасау 
үшін тігінен реттеледі. Көлденең 
жиілік кГц өлшем бірлігімен 
өлшенеді және көлденең 
сызықтардың монитор экранында 
секундына қанша рет берілетінін 
және көрсетілетнін көрсетеді. Мәні 
85 болатын көлденең жиілік сурет 
жасайтын көлденең сызықтардың 
секундына 85000 рет берілетінін 
білдіреді. Көлденең жиілік мәні 85 
кГц көрсетеді.
Кадр жиілігі____ Бір сурет 
сансыз көп көлденең сызықтардан 
жасалған. Тік жиілік Гц өлшем 
бірлігімен өлшенеді және сол 
көлденең сызықтар арқылы 
секундына қанша сурет 
жасалатынын көрсетеді. Мәні 
60 болатын тік жиілік суреттің 
секундына 60 рет берілетінін 
білдіреді. Онымен қоса, тік 
жиілік "жаңарту жылдамдығы" 
деп те аталады және экранның 
жыпылықтауына әсер етеді.
Ажыратымдылық____ 
Ажыратымдылық - экранды 
құрайтын көлденең пикселдер мен 
тік пикселдердің саны. Ол дисплей 
мәліметінің деңгейін көрсетеді. 
Жоғары ажыратымдылық экранда 
өте көп ақпаратты көрсетеді және 
бір уақытта бірнеше тапсырманы 
орындау үшін ыңғайлы болады.
Мысалы, 1920 x 1080 
ажыратымдылығында 1920 
көлденең пиксел (көлденең 
ажыратымдылық) және 1080 тік 
сызық (тік ажыратымдылық) бар.
Қосу және ойнату____ Қосу және 
ойнату мүмкіндігі ең қолайлы 
дисплей ортасын жасау үшін 
монитор мен дербес компьютер 
арасында автоматты түрде 
ақпарат алмасуға мүмкіндік 
береді.
Қосу және ойнату функциясын 
орындау үшін мониторда VESA 
DDC (халықаралық стандарт) 
стандарты қолданылады.