Samsung S27E370D Manuel D’Utilisation

Page de 78
28
Сақтандыру шаралары
 
― Мониторды дұрыс және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін, пайдаланар алдында пайдаланушы нұсқаулығын оқып шығыңыз.
 
― Сымсыз зарядтау мониторы Qi-сертификатталған құрылғылармен (қабылдағыштармен) үйлесімді.
 
― Бұл мониторда магниттік индукция жүйесі пайдаланылады және сымсыз зарядтау үшін Сымсыз электрмагниттік қуат Консорциумынан 
(WPC) Qi сертификатын алған. Монитор мобильді құрылғыларды Qi стандарттарына сәйкес зарядтай алады. Мониторды Qi 
стандарттарына (сертификатына) сәйкес өндірілмеген құрылғыны зарядтау үшін пайдаланбаңыз.
 
― Монитормен бірге берілген стандартты монитор адаптерін пайдаланыңыз.
Адаптерді мониторға жалғап, 
содан кейін тіреуіште көрсетілген 
тиімді сымсыз зарядтау аймағын 
тексеріңіз. Содан кейін мобильді 
құрылғыны аталған аймақтың 
ортасына орналастырыңыз. 
Құрылғыда сымсыз зарядтау 
функциясына қолдау көрсетілетіне 
көз жеткізіңіз.
Мобильді құрылғыны тиісті 
жерге орналастырғаннан 
кейін, құрылғының зарядтала 
бастағанын тексеріңіз.
Зарядтау барысы құрылғыдағы 
дыбыс, хабарлама және зарядтау 
белгішесінің ескертулерімен бірге 
тіреуіштің астындағы жарық диод 
арқылы көрсетіледі.
Құрылғы тиімді сымсыз зарядтау 
аймағына дұрыс орнатылмаса, 
сымсыз зарядтау функциясы 
жұмыс істемеуі немесе мобильді 
құрылғы құлап кетуі мүмкін. Бұл 
аймақ дөңгелекпен белгіленген.
Келесі жағдайларда мобильді 
құрылғы зарядталмауы мүмкін: 
құрылғы сымсыз зарядтау 
аймағынан тыс орнатылса, 
құрылғы экраны төмен қаратылса 
немесе құрылғы зарядтау 
нүктесінен алыс болса.
Сымсыз зарядтау қабын сымсыз 
зарядтау аймағына мобильді 
құрылғысыз қоймаңыз.
Монитор қатты қызып, істен 
шығуы мүмкін. Ал қатты қызған 
монитор күйіп қалуға немесе 
өртке себеп болуы мүмкін.
 
-
Құрылғының артқы материалы 
мен пішіміне байланысты, 
сіздің мобильді құрылғыңыз 
сырғып кетуі мүмкін. Бумадағы 
сырғытпайтын төсемені 
пайдаланыңыз.