Samsung V32F390FIX Manuel D’Utilisation

Page de 91
Ұрлыққа қарсы қолданылатын Кенсингтон құлпы
Кенсингтон құлпы - құрылғыны көпшілік орындарында қолданғанда бекітіп қоюға арналған құрал.
Кенсингтон құлпының сымын үлкен, жылжымайтын затқа орап, содан кейін құлыпты құрылғының арт 
жағындағы Кенсингтон ұяшығына саласыз. 
Құлыптың сыртқы көрінісі және құлыптау тәсілі, құлыпты өндірушіге байланысты келесі суретте көрсетілгеннен 
өзгеше болуы мүмкін. Кенсингтон құлпын дұрыс қолдануға қатысты қосымша ақпаратты, құлыптың 
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз. Samsung компаниясы Кенсингтон құлпымен жабдықтамайды.
<Опция >
 
"
Құрылғының артқы жағындағы “K” таңбасын табыңыз. Кенсингтон ұяшығы “K” таңбасының артында 
орналасқан.
Құрылғыны бекіту үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. 
Кенсингтон құлпының сымын тақта немесе орындық тәрізді үлкен, орнықты затты айналдыра орап бекітіңіз.
2. 
Сымның құлып бекітілген ұшын Кенсингтон құлпы сымының құлақшасы бар ұшынан өткізіңіз.
3. 
Бекіту құралын құрылғының Кенсингтон ұяшығына салыңыз.
4. 
Құлыпты бекітіңіз. 
 
"
Бұл жалпылама нұсқаулар.  Нақты нұсқау алу үшін, бекіту құралының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. 
 
"
Құлыпты жеке сатып алуға болады.
 
"
Кенсингтон құлпының орналасатын жері, құрылғы үлгісіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Қазақ - 86
Басқа ақпараттар