Samsung Xpress C430 Цветной принтер (18/4 стр/м) Manuel D’Utilisation

Page de 216
Глоссарий
203
 
Глоссарий
DADF
Дуплексті құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысы (DADF) - 
құрылғы қағаздың екі жағын да сканерлей алатындай етіп, түпнұсқа 
парақты автоматты түрде беретін жəне аударатын сканерлеу 
құрылғысы.
Əдепкі
Принтерді қорабынан алған кездегі, қалпына келтірген кездегі немесе 
бастапқы күйге орнатқан кездегі мəн немесе параметр.
DHCP
Хостарды динамикалық теңшеу протоколы (DHCP) - клиент-сервер 
желілік протоколы. DHCP сервері DHCP клиент хост сұрауына тəн 
конфигурация параметрлерін қамтамасыз етеді, жалпы, IP желісінде 
қатысу үшін клиент хостына қажет мəліметтер. Сондай-ақ, DHCP 
клиент хосттарына IP-мекенжайларды бөліп беру механизмін 
қамтамасыз етеді.
DIMM
Қос қосылған жад модулі (DIMM) - жад ұстайтын кішкентай схемалық 
тақта. DIMM басып шығару деректері, алынған факс деректері сияқты 
құрылғы ішіндегі барлық деректерді сақтайды.
DLNA
DLNA 
альянсы (DLNA) - үй желісіндегі құрылғыларға желі арқылы бір-
бірімен ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін стандарт.
DNS
Домен атауларының сервері (DNS) - Интернет сияқты желілердегі 
бөлінген дерекқордағы домен атауларына қатысты мəліметтерді 
сақтайтын жүйе.
Нүктелік-матрицалық принтер
Нүктелік-матрицалық принтер - басатын басы бетте алға жəне артқа 
қозғалатын, соққы арқылы басатын, жазу машинкасы сияқты қағазға 
бояу сіңірілген мата таспаны соғу арқылы басатын компьютер 
принтері.
DPI
Дюймдегі нүктелер саны (DPI) - сканерлеу жəне басып шығару үшін 
пайдаланылатын ажыратымдылық өлшемі. Əдетте, DPI жоғарылаған 
сайын ажыратымдылық артады, суреттегі көрінетін бөліктер көбейеді 
жəне файл өлшемі үлкейеді.