Samsung UHD-монитор премиум-класса с металлической подставкой Manuel D’Utilisation

Page de 99
97
Қосымша
 
Қосымша
Кадр жиілігі
Бір сурет сансыз көп көлденең сызықтардан жасалған. Тік жиілік Гц өлшем бірлігімен 
өлшенеді жəне сол көлденең сызықтар арқылы секундына қанша сурет жасалатынын 
көрсетеді. Мəні 60 болатын тік жиілік суреттің секундына 60 рет берілетінін білдіреді. 
Онымен қоса. тік жиілік "жаңарту жылдамдығы" деп те аталады жəне экранның 
жыпылықтауына əсер етеді.
Ажыратымдылық
Ажыратымдылық - экранды құрайтын көлденең пикселдер мен тік пикселдердің саны. 
Ол дисплей мəліметінің деңгейін көрсетеді. 
Жоғары ажыратымдылық экранда өте көп ақпаратты көрсетеді жəне бір уақытта бірнеше 
тапсырманы орындау үшін ыңғайлы болады.
Мысалы. 1920 x 1080 ажыратымдылығында 1920 көлденең пиксел 
(
көлденең ажыратымдылық) жəне 1080 тік сызық (тік ажыратымдылық) бар.
Мысалы. 1920 x 1200 ажыратымдылығында 1920 көлденең пиксел 
(
көлденең ажыратымдылық) жəне 1200 тік сызық (тік ажыратымдылық) бар.
Қосу жəне ойнату
Қосу жəне ойнату мүмкіндігі ең қолайлы дисплей ортасын жасау үшін монитор мен дербес 
компьютер арасында автоматты түрде ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. 
Қосу жəне ойнату функциясын орындау үшін мониторда VESA DDC (халықаралық стандарт) 
стандарты қолданылады.