Samsung T22C350EX Manuel D’Utilisation

Page de 90
ЖАЛПЫ ИНТЕРФЕЙС ұяшығына (құрылғыны қарау картасының ұяшығы) қосылу 
"CI немесе CI+ CARD" картасын қолдану
Ақылы арналарды көру үшін “CI немесе CI+ CARD” 
картасын салу керек.
 
Егер “CI немесе CI+ CARD” картасын салмасаңыз, кей 
арналарда "Шифрланған сигнал" жазуы көрсетіледі. 
 
2-3 минуттан кейін бейнебетте телефон нөмірі, “CI 
немесе CI+ CARD” анықтағышы, хост анықтағышы 
және басқа да деректерді қамтыған келісім туралы 
мәлімет көрсетіледі. Егер ақаулық туралы ақпарат 
пайда болса, қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
 
Арна деректерін теңшеу жұмысы аяқталған кезде, 
арналар тізімінің жаңартылғанын білдіретін "Жаңарту 
аяқталды" хабары көрсетіледі.
 
ЕСКЕРІМ
 
“CI немесе CI+ CARD” картасын жергілікті кабельдік телевидение провайдерінен алуыңыз керек.
 
“CI немесе CI+ CARD” картасын еппен шығарып алыңыз, себебі “CI немесе CI+ CARD” жерге түсіп 
кетсе, оған нұқсан келуі мүмкін.
 
“CI немесе CI+ CARD” картасын онда көрсетілген бағытта орнатыңыз.
 
COMMON INTERFACE
 ұяшығының орналасатын жері оның үлгісіне байланысты әрқилы болуы мүмкін.
 
Кей елдер мен аймақтарда “CI немесе CI+ CARD” модуліне қолдау көрсетілмеуі мүмкін, уәкілетті 
дилерге хабарласыңыз.
 
Мәселе туындаған жағдайда, қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
 
Ағымдық әуе желісі параметрлеріне қолдау көрсететін “CI немесе CI+ CARD” картасын салыңыз. 
Бейнебет бұрмалануы немесе көрсетілмеуі мүмкін. 
Казақ - 22
Казақ - 23
Жалғау