Samsung W07 BMF with Digital Inverter Technology, 286 L Manuel D’Utilisation

Page de 28
қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық _03
қауіпсіздік техникасы 
бойынша нұсқаулық
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсҚаулыҚ
ЕСКЕРТУ!
• Тоңазытқышты пайдаланбас бұрын берілген Нұсқаулықты мұқият оқыңыз 
және оны келешекте пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
ЕСКЕРТУ!
• Төменде келтірілген нұсқаулықтар бірнеше үлгілерге қатысты болғандықтан, 
сіздің тоңазытқышыңыздың сипаттамасы берілген нұсқаулықта жазылғаннан 
ерекшеленуі мүмкін.
сақтандыру/ескерту үшін қолданылатын белгілер
ЕСКЕРТУ!
Өмірге қауіп төнгендігін немесе қатты жарақат алу қаупі бар 
екендігін көрсетеді.
САҚТАНДЫРУ
Жарақат алу қаупі немесе тоңазытқыштың бұзылу қаупі бар 
екендігін көрсетеді.
Қолданылатын басқа белгілер
Жасауға БОЛМАЙТЫН әрекеттерді көрсетеді.
Бір нәрсені бөлшектеуге ТЫЙЫМ САЛЫНҒАНДЫҒЫН көрсетеді.
Бір нәрсеге тиюге ТЫЙЫМ САЛЫНҒАНДЫҒЫН көрсетеді.
Мұқият сақтауға тиісті ережелерді көрсетеді.
Желі шнурының айырын розеткадан суыру қажет екендігін 
көрсетеді.
Тоқ соқпас үшін электр тізбегінің бір ұшын жерге қосу қажет 
екендігін көрсетеді.
Бұл белгі көрсетілген әрекетті Samsung компаниясының қызмет 
көрсету орталығының өкілі атқаруы тиіс екендігін көрсетеді.
бұл белгілер тоңазытқыш тұтынушылары мен басқа да тұлғаларды жарақат алудан алдын-
ала сақтандыруға арналған. Қауіпсіздік техникасы бойынша берілген нұсқаулықты қатаң 
сақтаңыздар. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты оқығаннан кейін оны келешекте 
пайдалану үшін қауіпсіз жерде  сақтаңыз.
•  Тоңазытқышты пайдаланбас бұрын ол оны пайдалану бойынша нұсқаулықтың 
талаптарына сай орнатылуы керек.
•  Берілген өнімді пайдалану бойынша Нұсқаулықта сипатталған мақсаттарға сәйкес 
қолданыңыз.
•  Техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды Samsung компаниясының өкілдері 
атқаруы тиіс. Бұл тоңазытқыштарда R600a немесе R143a хладагенті қолданылуы мүмкін. 
Тоңазытқышыңызда қай хладагент түрі қолданылатыны жайлы ақпаратты тоңазытқыштың 
артындағы компрессордың төлқұжаттық кестесінен немесе суыту камерасының ішіне 
жапсырылған тоңазытқыштың төлқұжаттық кестесінен көре аласыз
•   Егер тоңазытқышта R600a хладагенті қолданылса, онда ол қоршаған ортаға зиянын 
тигізбейтін, бірақ тұтанғыш келетін табиғи газ болып табылады. Тоңазытқышты 
тасымалдау және орнату кезінде хладагент циркуляциясы контурының ешқандай 
бөліктеріне зиян келтірмес үшін абай болу қажет.
•   Түтіктерден шапшыған хладагент тұтануы немесе сіздің көзіңізге зақым келтіруі 
мүмкін. Егер хладагенттің контуры зақымдалса, ашық оттың кез келген түрін 
немесе тұтанғыш заттарды аулақ ұстаңыз және дереу тоңазытқыш тұрған бөлмені 
желдетіңіз.