Samsung 27-дюймовый монитор (FHD, высочайшее качество изображения) Manuel D’Utilisation

Page de 101
17
Құрылғыны пайдаланудан бұрын
 Құрылғыны пайдаланудан бұрын
Тұрақты ток адаптеріне судың кіруін немесе құрылғының дымқылдауын 
болдырмаңыз.
Ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін. 
Құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз, жаңбыр немесе қар кіруі мүмкін.
Еден жуған кезде тұрақты ток адаптерінің дымқылдануын 
болдырмаңыз.
Тұрақты ток адаптерін кез келген жылыту құралының жанына қоймаңыз.
Өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
Тұрақты ток адаптерін жақсы желдетілген жерде сақтаңыз.
Экранға ұзақ уақыт бойы тым жақын жерден қарасаңыз, көру қабілетіңіз 
төмендеуі мүмкін.
Мониторды аударып ұстамаңыз немесе тіреуішінен ұстап жылжытпаңыз.
Құрылғы құлап кетуі жəне бұзылуы немесе адамды жарақаттауы 
мүмкін.
Құрылғының жанында дымқылдауыштарды немесе пештерді 
пайдаланбаңыз.
Ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Құрылғыны пайдаланған кезде көзіңізді 1 сағат сайын 5 минуттан астам 
демалдырыңыз.
Көз талуы жойылады.
Ұзақ уақыт бойы қосулы тұрған экранды қолмен ұстамаңыз, ол ыстық 
болуы мүмкін.
Құрылғымен бірге пайдаланылатын ұсақ керек-жарақтарды балалардың 
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
!
!
!
!