Samsung WB350F Manuel D’Utilisation
Сымсыз желі
119
NFC мүмкіндігін пайдалану (Tag & Go)
Фотосуреттерді смартфонға автоматты түрде сақтау мүмкіндігін немесе смартфонды қашықтағы ысырма ретінде пайдалану мүмкіндігін іске қосу үшін
смартфонның NFC антеннасын камераның NFC белгісінің жанына қойыңыз. Әрі Ойнату режимінде файлдарды NFC қолдауы бар құрылғыға тасымалдауға болады.
•
Бұл мүмкіндікке NFC қосылған және Android жүйесі орнатылған смартфондар қолдау көрсетеді. Соңғы нұсқасын пайдаланған жөн. Бұл мүмкіндік iOS
құрылғылары үшін қол жетімді емес.
•
Бұл мүмкіндікті пайдалану алдында телефонға немесе құрылғыға Samsung SMART CAMERA App орнату қажет. Бағдарламаны Samsung Apps немесе Google Play
Store қызметінен жүктеп алуға болады. Samsung SMART CAMERA App 2013 жылы немесе кейін өндірілген Samsung камерасының үлгілерімен үйлесімді.
•
NFC белгісін оқу үшін NFC қосылған құрылғыны камераның NFC белгісінің жанына 2 секундтан көбірек қойыңыз.
•
Белгі мәліметтерін қандай болмасын жолмен өзгертпеңіз.
Wi-Fi режимінде NFC мүмкіндіктерін пайдалану
NFC қолдауы бар құрылғыдан белгіні оқып, пайда болатын қалқымалы
терезеден MobileLink немесе Remote Viewfinder таңдаңыз. (121, 123-б.)
Суретке түсіру режимінде NFC мүмкіндіктерін
пайдалану
NFC қолдауы бар құрылғыдан белгіні оқып, AutoShare немесе Remote
Viewfinder іске қосыңыз. (120, 123-б.)
NFC қолдауы бар құрылғыдағы белгіні оқып, Wi-Fi функциясын іске қосуды
алдын ала орнатыңыз. (142-б.)
Ойнату режимінде NFC мүмкіндіктерін пайдалану
(Photo Beam)
Ойнату режимінде NFC қосылған құрылғыдан белгіні оқыған кезде камера
ағымдағы файлды смартфонға автоматты түрде тасымалдайды.
• Бірнеше файлды тасымалдау үшін нобай көрінісінен файлдарды таңдап,
NFC қосылған құрылғыдан белгіні оқыңыз.