Samsung S32E590C Manuel D’Utilisation

Page de 75
6
Тазалау
 
― Тазалаған кезде абайлаңыз, себебі жетілдірілген сұйық кристалдық дисплейлердің 
панелі мен сыртқы жағы оңай зақымдалады.
 
― Тазалаған кезде келесі шараларды қолданыңыз.
 
― Келесі суреттер тек анықтама ретінде берілген. Нақты жағдайлар суретте көрсетілген 
жағдайлардан өзгеше болуы мүмкін.
Монитор мен компьютерді қуат көзінен ажыратыңыз.
Өнімнен қуат кабелін ажыратыңыз.
 
― Қуат кабелінің ашасынан ұстаңыз және кабельді ылғал 
қолмен ұстамаңыз. Әйтпесе, ток соғуы мүмкін.
!
Мониторды таза, жұмсақ және құрғақ шүберекпен 
сүртіңіз.
 
Мониторды құрамында спирт, еріткіш 
немесе сурфактант бар заттармен 
тазаламаңыз.
 
Құрылғыға суды немесе жуғыш затты 
тікелей шашпаңыз.
Монитордың сыртқы жағын тазалау үшін жұмсақ және 
құрғақ шүберекті сулаңыз және жақсылап сығыңыз.
Тазалап болғаннан кейін, қуат кабелін мониторға 
қосыңыз.
Монитор мен компьютерді қуат көзіне қосыңыз.
Электр бөлшектері және қауіпсіздік
 
― Келесі суреттер тек анықтама ретінде берілген. Нақты жағдайлар суретте көрсетілген 
жағдайлардан өзгеше болуы мүмкін.
Ескерту
Зақымдалған қуат кабелін немесе ашаны немесе бос розетканы 
пайдаланбаңыз.
 
Ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Бір розеткаға бірнеше құрылғыны қоспаңыз.
 
Қызып кеткен розеткалар өртке себеп болуы мүмкін.
Ашаны ылғал қолмен ұстамаңыз. Әйтпесе, ток соғуы мүмкін.
!
Қуат ашасын берік тұратындай етіп розеткаға толығымен 
тығыңыз.
 
Берік емес байланыс өртке себеп болуы мүмкін.
!
Ашаны жерге жалғанған розеткаға (тек 1-түрдегі изоляцияланған 
құрылғылар) қосыңыз.
 
Ток соғуы немесе жарақат алуға алып келуі мүмкін.