Panasonic TH-47LFT30W Mode D’Emploi

Page de 50
6
Қауіпсіздік шаралары
3
4
Сүзгі жақтауын бүйір жағынан шығарып 
алыңыз.
Ауа сүзгілерін сүзгі жақтауынан 
шығарыңыз.
Кіріс сүзгісі (аккордеон түріндегі) мен шығыс 
сүзгісінің  (торлы  сүзгі)  кескіндері  əр  түрлі 
болады.
Сүзгі жақтауы
Желдеткіш
Сүзгі жақтауы
Ауа сүзгісі
(Кіріс сүзгісі: аккордеон 
түріндегі)
Ауа сүзгісі
(Шығыс сүзгісі: торлы сүзгі)
Ауа сүзгілерін тазалау
    Ауа сүзгілеріне жəне олардың сыртына жабысқан бөтен заттарды немесе шаңды шаңсорғыштың 
көмегімен тазалаңыз. Тазалаған кезде ауа сүзгілерін жыртып алмаңыз. 
Ауа сүзгілерін орнату
    Дисплейге ауа сүзгілерін орнату үшін ауа сүзгілерін шығарып алу əрекеттерін кері тəртіппен орындаңыз. 
Орнату кезінде кіріс жəне шығыс сүзгілерін шатастырып алмаңыз. Егер оларды шатастырып алсаңыз, ауа 
сүзгісі дұрыс жұмыс істемей, дисплей істен шығуы мүмкін.
Ескертпелер:
•  Ауа сүзгілерін дисплейді пайдаланудан бұрын орнату керек. Ауа сүзгісі болмаса, бөтен заттар немесе 
шаң кіріп, дисплей істен шығуы мүмкін.
•  Егер ауа сүзгісі зақымдалса немесе тазалаудан кейін де сəл кірлесе, ауа сүзгісін жаңасымен 
алмастырыңыз. Сүзгіні алмастыру үшін сату жөніндегі агентке хабарласыңыз. 
•  Ауа сүзгісіне жабысатын бөтен заттардың немесе шаңның мөлшері орнату орнына жəне пайдалану 
ұзақтығына қарай өзгереді. Шаң тез жиналуы мүмкін жерлерде тазалау жиілігін арттырыңыз. 
•  Желдеткіштерді немесе дисплейдің ішіндегі сымдарды ұстамаңыз.
•  Ауа сүзгілерін дисплейден шығару немесе дисплейге орнату кезінде биік жерге қойыңыз, қауіпсіздікті 
сақтау үшін тиісті бөлшектерді құлатып алмаңыз.