Philips DS8400/10 Manuale Utente

Pagina di 14
6
KK
3  Жұмысты 
бастау
Ескерту
 
Осы жердегіден басқа басқару элементтерін, 
реттеулерді пайдалану немесе техникалық 
қызмет көрсету процедураларын орындау зиянды 
радиацияның шығуын немесе қауіпсіз жұмысты 
тудыруы мүмкін.
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті 
бойынша орындаңыз.
Philips компаниясына хабарлассаңыз, сізден 
осы құрылғының үлгі және сериялық нөмірі 
сұралады. Үлгі және сериялық нөмірі — 
құрылғының астыңғы жағында. Осы жерге 
нөмірлерді жазыңыз: 
Үлгі нөмірі __________________________
Сериялық нөмір 
___________________________
Қашықтан басқару құралын 
дайындау
Ескерту
 
Жарылу қаупі бар! Батареяларды қызудан, 
күн сәулесінен немесе оттан аулақ ұстаңыз. 
Батареяларды отқа тастамаңыз.
Алғаш қолдану үшін: 
Қашықтан басқару құралының 
батареясын іске қосу үшін қорғаныш 
тілшікті алыңыз.
Қашықтан басқару құралының батареясын 
ауыстыру үшін: 
Батарея бөлімін ашу үшін тесікті шарикті 
қаламның немесе үшкір құралдың 
ұшымен басыңыз.
Бір CR2025 батареясын көрсетілгендей 
полюстерін дұрыс қаратып (+/-) салыңыз.
Батарея бөлімін жабыңыз.
  
Ескертпе
 
Қашықтан басқару құралындағы қандай да бір 
функция түймесін басарда, алдымен негізгі 
құрылғымен емес, қашықтан басқару құралымен 
тиісті сигнал көзін таңдаңыз.
 
Қашықтан басқару құралын ұзақ уақыт 
пайдаланбайтын болсаңыз, батареясын шығарып 
алыңыз.
Батареяны зарядтау
Ескерту
 
Өнімді бұзып алу қаупі! Қуат көзінің кернеуі 
құрылғының астыңғы жағында басылған кернеуге 
сәйкес екеніне көз жеткізіңіз.
 
Ток соғу қаупі бар! Айнымалы ток адаптерін 
ажыратқанда, ашаны әрқашан розеткадан суырыңыз. 
Сымды ешқашан тартпаңыз.
 
Айнымалы ток адаптерін қоспай тұрып барлық басқа 
байланыстарды орнатқаныңызға көз жеткізіңіз.