LG D170 Manuale Proprietario

Pagina di 465
32
Сенсорлық экран кеңестері
Төменде телефонда жылжу туралы біраз кеңестер берілген.
Түрту: саусақпен бір рет түрту элементтерді, сілтемелерді, төте
жолдарды және экрандық пернетақтадағы әріптерді таңдайды.
Түрту және ұстап тұру – экрандағы элементті түртіп, әрекет
орындалғанша саусағыңызды көтермей, түртіңіз және ұстап
тұрыңыз. Мысалы, контактінің қол жетімді опцияларын ашу үшін
мәтінмән мәзірі ашылғанша, Контактілер тізімінде контактіні түртіңіз
және ұстап тұрыңыз.
Сүйреу - элементті бір сәтке түртіп, ұстап тұрыңыз да, саусақты
көтерместен, саусақты мақсатты орынға жеткенше экранда
жылжытыңыз. Орнын ауыстыру үшін негізгі экранда элементтерді
сүйреуге болады.
Жүргізу немесе сырғыту: жүргізу (жанап өту) немесе сырғыту
үшін бірінші тигенде кідірместен саусақты экранда тез жылжытыңыз
(элементті сүйремейсіз). Мысалы, экранды жоғары немесе төмен
жүргізіп тізімді айналдыруға немесе солдан оңға (және керісінше)
жүргізу арқылы әр түрлі негізгі экрандарды шолуға болады.
Екі рет түрту – веб-бетті немесе картаны масштабтау үшін екі
рет түртіңіз. Мысалы, экран еніне сыйдыру мақсатында веб-бет
бөлімшесін реттеу үшін сол бөлімшені жылдам екі рет түртіңіз.
Кескінді көргенде және карталарды пайдаланғанда, үлкейту не
кішірейту үшін де екі рет түртуге болады.
Масштабтау үшін шымшу: шолғышты, карталар бағдарламасын
пайдаланып жатқанда немесе суреттерді шолу кезінде үлкейту
немесе кішірейту үшін шымшу немесе ашу қозғалысымен екінші
саусағыңыз бен бас бармағыңызды пайдаланыңыз.
Басты экран