LG D170 Manuale Proprietario

Pagina di 465
44
Егер желі қорғалған болса, кілтсөзді немесе басқа мәліметтерді
енгізу сұралады. (Толығырақ мәліметтерді желі әкімшісінен
сұраңыз)
Күй жолағы Wi-Fi күйін көрсететін белгішелерді көрсетеді.
Bluetooth
Bluetooth деректерді Bluetooth арқылы қосылған басқа
құрылғылармен бөлісуге және Bluetooth гарнитураларына қосылуға
мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: 
Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе
қабылданған деректердің жоғалуына, оларды бөтен адамдардың
алуына немесе дұрыс қолданбауына LG компаниясы жауап
бермейді.
Әрдайым деректерді сенімді және жақсы қорғалған құрылғылармен
бөліскеніңізге және қабылдағаныңызға көз жеткізіңіз. Құрылғылар
арасында кедергілер болса, байланыс арақашықтығы
қысқартылады.
Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG арқылы сыналмағандары
немесе мақұлданбағандары құрылғыңызбен үйлесімді болмауы
мүмкін.
Bluetooth мүмкіндігін қосып, телефоныңызды Bluetooth 
қосылған құрылғымен жұптау
Қоспас бұрын телефонды басқа құрылғымен жұптастыру керек.
Өзіндік бет экранындағы
>
Қосымшалар қойындысы
(қажетінше) >
Параметрлер   > Bluetooth опциясын түртіңіз.