LG V400 Manuale Utente

Pagina di 464
101
Экран әсері – экрандарды ауыстыру үшін жүргізген кездегі әсерді 
орнатады. 
Негізгі экран айналымына рұқсат ету – Негізгі экрандардың 
бір шетіне жеткен кезде қарама-қарсы бағытта қайта айналдыру 
қажеттілігін жоятын үздіксіз айналуды орнату үшін құсбелгі қойыңыз. 
Үй сақтық көшірмелеу және қалпына келтіру – Қолданба мен 
виджеттің конфигурациялары мен тақырыптарын сақтық көшірмелеуге 
және қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Анықтама – Негізгі экран туралы ақпаратты көрсетеді.
Экранды құлыптау
Экран құлпын таңдау – Планшетті қорғайтын экран құлпының түрін 
орнатыңыз. 
Экран әсері – Экранда жүргізу әсерінің опцияларын орнатады.
Тұсқағаз – Құлыптау экранына тұсқағазды орнатады. Галерея немесе 
Тұсқағаздар жиынтығы тармақтарынан таңдаңыз.
Виджеттер – Құлыптау экранында виджеттерді көруге мүмкіндік 
береді.
Сілтемелер – Сипап құлыптау экранында таңбашаларды өзгертуге 
мүмкіндік береді.
Иесі туралы ақпарат – Планшет жоғалған жағдайда Құлыптау 
экранында көрсетілетін байланыс мәліметін енгізуге мүмкіндік береді. 
Құлыптау таймері – Экранның күту уақыты біткеннен экранның 
автоматты түрде құлыпталуына дейін қалған уақыт мөлшерін 
орнатады.
Қуат түймесі дереу құлыптайды – Қуат/құлып пернесі басылғанда 
экранды бірден құлыптау үшін құсбелгі қойыңыз. Бұл параметр 
Қауіпсіздік құлпы таймерінің параметрін болдырмайды.