LG H650E Guida Utente

Pagina di 402
 
11
10
Жолдағы қауіпсіздік
Көлік жүргізгенде ұялы телефонды пайдалану туралы 
аймағыңыздағы заң және нұсқауларды тексеріңіз.
• 
Көлік жүргізгенде, қолда ұсталатын телефонды 
пайдаланбаңыз.
• 
Көлік жүргізуге айрықша көңіл бөліңіз.
• 
Көлік жүргізу ережелері бойынша талап етілсе, қоңырау 
шалмас немесе қабылдамас бұрын, көлікті жол шетіне 
тоқтатыңыз.
• 
Радиожиілік қуаты автомагнитола және қауіпсіздік 
жабдықтары секілді көліктегі кейбір электрондық жүйелерге 
әсер етуі мүмкін.
• 
Көлік ауа қабымен жабдықталған болса, орнатылған 
немесе тасымалды сымсыз жабдықтармен бөгет 
жасамаңыз. Қате жұмыс жасағандықтан, ауа қабының 
ашылуына кедергі жасауы немесе ауыр жарақатқа апаруы 
мүмкін.
• 
Сыртта жүріп музыка тыңдағанда, оның дыбысы 
айналаңызда не болып жатқанын байқайтындай деңгейде 
болу керек. Бұл жолдардың жанында болғанда әсіресе 
маңызды.
Құлаққа зақым келтірмеуге тырысу
Ықтимал есту қабілетіне зиянды болдырмау үшін ұзақ 
уақыт бойы жоғары дыбыс деңгейінде тыңдамаңыз.
Ұзақ уақыт бойы музыканы жоғары дыбыс деңгейінде тыңдау 
есту қабілетіне зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан гарнитураны 
құлақ жанында қоспауға немесе өшірмеуге кеңес беріледі. 
Сондай-ақ музыка мен қоңырау дыбыс деңгейлері қалыпты 
деңгейде болуы тиіс.
• 
Құлақаспапты пайдаланғанда, жаныңыздағы адамдардың 
сөзі естілмесе немесе қасыңыздағы адам тыңдап 
жатқаныңызды естісе, дыбыс деңгейін азайтыңыз.
 ЕСКЕРТПЕ
• 
Құлақаспаптардан және гарнитуралардан шығатын дыбыс қысымы 
өте жоғары болса, есту қабілетінен айырылуыңыз мүмкін.
Әйнек бөліктері
Ұялы телефонның кейбір бөліктері әйнектен жасалған. 
Телефон жерге түсіп, соғылғанда осы әйнек бөліктер сынып 
кетуі мүмкін. Әйнек сынса, тиіспеңіз немесе алып тастамаңыз. 
Әйнек қызмет көрсетуші тарапынан алмастырылмай тұрып 
ұялы телефонды пайдаланбаңыз.
Жарылыс аймағы
Жарылыс жасалып жатқан аймақтарда телефонды 
пайдаланбаңыз. Шектеулерді тексеріп, шарттар мен 
ережелерді орындаңыз.
Жарылу қаупі бар орталар
• 
Телефонды жанармай құю орындарында пайдаланбаңыз.
• 
Телефонды жанармай немесе химиялық заттардың 
жанында пайдаланбаңыз.
• 
Тез жанатын газ, сұйықтық немесе жарылғыш 
заттарды ұялы телефон мен керек-жарақтарымен бірге 
тасымалдамаңыз және сақтамаңыз.
Ұшақтарда
Сымсыз құрылғылар ұшақтарда кедергі келтіруі мүмкін.
• 
Ұшаққа мінер алдында, қалта телефонын сөндіріңіз.
• 
Ұшпаған кезде де, рұқсатсыз пайдаланбаңыз.
Балалар
Телефонды кішкентай балалардың қолы жетпейтін қауіпсіз 
жерде сақтаңыз. Оның құрамында ажыратылған жағдайда 
тұншығу қаупін төндіретін кішкентай бөлшектер бар.