LG X155 Guida Utente

Pagina di 348
40
Google тіркелгісін орнату
5  
Google есептік жазбасын орнатқаннан кейін телефон 
Интернеттегі Google есептік жазбасымен автоматты түрде 
қадамдастырылады (деректер байланысы қолжетімді болған 
жағдайда).
Кіргеннен кейін, телефон Gmail, Contacts, Google Calendar 
сияқты Google қызметтерімен қадамдастырылады. Сондай-
ақ, телефонда Maps қосымшасын пайдалануға, Play Store 
торабынан қосымшалар жүктеп алуға, параметрлерді Google 
серверлеріне сақтық көшірмелер жасауға және басқа Google 
қызметтерінің артықшылықтарын пайдалануға болады. 
МАҢЫЗДЫ
• 
Күнтізбе сияқты кейбір қосымшалар сіз қосқан бірінші Google есептік 
жазбасымен ғана жұмыс істейді. Егер телефонмен бір Google есептік 
жазбасынан көп қолдануды жоспарласаңыз, алдымен дәл сол 
пайдаланғыңыз келген қосымшаға жазылғаныңызды тексеріңіз. Жүйеге 
кіргенде, контактілеріңіз, Gmail хабарларыңыз, Күнтізбе оқиғалары 
және вебтегі осы қолданбалар мен қызметтердің басқа ақпараттары 
телефонмен синхрондалады. Егер орнату кезінде Google есептік 
жазбасына кірмесеңіз, Gmail немесе Play Store сияқты Google есептік 
жазбасын қажет ететін қосымшаны бірінші рет іске қосқанда, сізге 
Google есептік жазбасына кіру немесе оны жасау ұсынылады.
• 
Егер сізде компания немесе басқа ұйым арқылы қауымдық есептік 
жазба болса, Ақпараттық технологиялар бөлімінде осы есептік жазбаға 
жазылу туралы арнайы нұсқаyлар болу керек.