Redmond RF-519 NEON FLASH Manuale Utente

Pagina di 20
15
KAZ
RF-519
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқи-
ят оқып шығыңыз да, оны анықтамалық ретінде сақтап 
қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалану оның қызметінің мерзімін 
ұзартады. 
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
•  Өндіруші қауіпсіздік техникасының талаптарын 
және бұйымды пайдалану ережелерін сақтамаудан 
туындаған зақымдар үшін жауап бермейді. 
•  Бұл электр аспап пәтерлерде, қала сыртындағы 
үйлерде, қонақ үй нөмірлерінде, тұрмыстық нөмір-
лерде, дүкендердің тұрмыстық бөлмелерде, офи-
стер мен өнеркәсіптік емес пайдаланудың кез 
келген басқа осындай жағдайларда пайдаланыла 
алады. Құрылғыны неркәсіптік немесе кез келген 
мақсатсыз пайдалану бұйымды тиісті түрде пайда-
лану шарттарын бұзу болып саналады. Бұл жағдай-
да өндіруші ықтимал салдарлар үшін жауап бер-
мейді. 
•  Құрылғыны электр желісіне қосар алдында оның 
кернеуі аспаптың номиналды кернеуіне сәйкес 
келетінін тексеріңіз (бұйымның техникалық сипат-
тамалары немесе зауыттық кестесін қараңыз).
•  Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген ұзартқыш 
қолданыңыз: параметрлердің сәйкессіздігі қысқа 
тұйықталуға немесе кабельдің жануына әкеліп 
соқтыруы мүмкін.
•  Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны таза-
лаған немесе тасымалдаған кезде розеткіден 
өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес, штепселінен 
ұстап тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
•  Электр қоректендіру бауын есік қуыстарында неме-
се жылу көздерінің жанында тартпаңыз. Электр ба-
уының бұралмағанын және иілмегенін, үшкір зат-
тарға, бұрыштар мен жиһазға тимегенін қадағалаңыз.
ЖАДЫҢЫЗДА БОЛСЫН: электр қоректендіру 
кабелі зақымдалуы кепілдік шарттарына сәй-
кес  келмейтін  ақауларға,  сонымен  қатар 
электр тоғына ұрынуға әкеліп соқтыруы мүм-
кін. Зақымдалған электр кабелі сервис-орта-
лықта жедел ауыстыруды талап етеді.