Redmond RV-350 Manuale Utente

Pagina di 24
16
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият 
оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз, 
оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
•  Өндіруші қауіпсіздік техникасы талаптарын және бұйымды пайдалану 
ережелерін ұстанбаудан туындаған зақымдар үшін жауап бермейді. 
•  Бұл электр аспап тұрмыстық жағдайларда қолдан- арналған құрылғы 
болып табылады және пәтерлерде, қала сыртындағы үйлерде, қонақ 
үй нөмірлерінде, дүкендер, офистердің тұрмыстық бөлмелерінде 
немесе өнеркәсіптік емес пайдаланудың басқа жағдайларында қол-
даныла алады. Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген басқа 
мақсатсыз пайдалану бұйымды дұрыс пайдалану шарттарын бұзу 
болып табылады. Бұл жағдайда өндіруші ықтимал салдарлар үшін 
жауап бермейді. 
•  Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның кернеуі аспап қо-
ректенуінің номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұй-
ымның техникалық сипаттамасын немесе зауыттық кестешесін қа-
раңыз).
•  Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған ұзартқышты пайдаланыңыз. 
Бұл талапты ұстанбау қысқа тұйықталуға немесе кабельдің тұтануы-
на әкеліп соқтыруы мүмкін. 
•  Аспап электр желісіне қосылғанша қараусыз қалмауы тиіс.
•  Құралды қолданғаннан кейін, сондай-ақ тазартқаннан кейін ажыра-
тып отырыңыз. Электр сымын сымынан емес, штепселінен ұстай оты-
рып шығарыңыз.
•  Құралды сымынан немесе құбыршегінен ұстай отырып тасымалдаңыз. 
Есік ойығында құбыршек немесе сымы болған кезде есікті жаппаңыз. 
Электр қоректену бауын есіктен немесе жылу көздерінің қасында 
жүргізбеңіз. Электр бауы бұралмауын және бүгілмеуін, өткір заттарға, 
жиһаздың бұрыштары мен шеттеріне тимеуін байқаңыз.
ЕСТЕ  САҚТАҢЫЗ:  электр  қоректену  кабелін  кездейсоқ 
зақымдасаңыз, кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақа-
уларға, сонымен қатар электр тоғының соғуына әкеліп 
соқтыруы мүмкін. Зақымданған электр бауы сервис-орта-
лықта жылдам ауыстыруды талап етеді. 
•  Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажыратылғанына 
және толық суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау бойынша нұсқа-
улықтарды қатаң ұстаныңыз.
•  Құралдың мотор бөлігіне бөгде заттардың түсуіне жол бермеңіз. 
Сорып алатын қуыстарын жаппаңыз. Ауаны сорудың бұғаты қозғал-
тқыштың зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағынына түсіруге 
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! 
Құралды пайдалануға  келесі жағдайларда тыйым салынады:
1.  Ылғалдылығы жоғары орынжайларда. Қозғалтқыштың істен шығуы, 
қысқа  тұйықталу қаупі бар.
2.  Ашық ауа кезінде - бөгде заттардың құрылғы тұрқының ішіне түсуі 
немесе ылғалдануы оның келелі зақымдарына әкелуі мүмкін.
3.  Улы және тез жанғыш заттардың жанында, жанар жағар май була-
рының жоғары концентрациясы бар орынжайлар (сыр, еріткіш және 
т.с.с) немесе жағар май шаңы. Өрт немесе жарылыс қаупі болады.
•  Киім немесе дененің кез келген мүшесіне сорғы қондырмасын жақын-
датуға тыйым салынады. Абайламай пайдалану күрделі жарақаттарға 
әкелуі мүмкін.
•  Қызған немесе суыған күлді соруға, сондай-ақ темекінің өшпеген тұтқыл-
дарын, бықсып немесе жанып жатқан қоқысты соруға тыйым салынады.
•  Кез келген сұйықты соруға тыйым салынады, сондай-ақ ылғалды 
беттерді —ылғалды едендер немесе кілемдерді. Ылғалдың ішкі жағы-
на түсуі шаңсорғыштың сынуына алып келуі мүмкін.