Thomas MOKKO XT 788580/788592 Manuale Utente

Pagina di 56
Келесі шағын бөлімде тазалаудың үш түрі бойынша пайдалы қолданбалы 
кеңестер  берілген.  Оны  пайдалану  бойынша  нұсқаулыққа  қосымша 
ретінде  қарастыру  қажет.  Барлық  жағдайда  дапайдалану  бойынша 
нұсқауларды орындау қажет.
Құрғақ тазалау
THOMAS XT шаңсорғышымен құрғақ тазалау қарапайым шаңсорғышпен 
де орындалады. Өзгешелігі - шаң су сүзгісімен жиналады.
Керек-жарақтардан  қолдануға  сәйкес  келетін  қондырғыны 
пайдаланыңыз:
Пайдалану орны
Қондырғы / керек-
жарақтар
Кілем немесе беткі қабаты қатты еден
Кілемдер мен беткі қабаты 
қатты едендерді тазалауға 
арналған қондырғы
Матрастар, жұмсақ жиһаз,  
автокөлік салоны т.б.
Жұмсақ жиһазды*/ 
Айналмалы соритын 
қылқалам*
Саңылаулар, бұрыштар, автокөлік салоны, 
барлық жету жолы қиын орындар
Саңылауға арналған 
қондырғы
Дымқыл тазалау және бүркіп тазалау  
*) үлгіге байланысты
Дымқыл  тазалау  арқылыTHOMAS  XT  шаңсорғышымен  кілемдер  мен 
кілем тәріздес төсеніштерді, беткі қабаты қатты едендерді және жұмсақ 
жиһазды тазартуға болады.
Оған қоса, бір жұмыс әрекетінде жуғыш ерітіндіні қысыммен терең бүрку, 
кірді еріту, талшықтарды түгелімен жуу және лас суды сору орындалады.
Керек-жарақтардан  қолдануға  сәйкес  келетін  қондырғыны 
пайдаланыңыз:
Пайдалану орны
Қондырғы / керек-
жарақтар
Кілемдерді терең тазарту + дақтарды 
жою
Едендерді дымқыл тазалауға 
арналған қондырғы
Жұмсақ жиһазды терең тазарту + 
дақтарды жою
Жұмсақ жиһазды дымқыл 
тазартуға арналған қондырғы
Беткі қабаты қатты едендерді тазарту
Едендерді дымқыл тазартуға 
арналған қондырғы + 
қатты еден төсемелерін 
тазартуға арналған адаптер
Дымқыл тазалау режимінде тазарту қажет заттарды барлығы оған жарамды 
екеніне көз жеткізіңіз. Жұқа, қолмен тоқылған немесе дұрыс боялмаған 
кілемдерді  дымқыл  тазаламау  қажет.  Паркет  едендер  мен  ламинат 
едендерді  төсемемен  жеңіл  дымқыл  тазалауға  болады.  Тазарту  қажет 
бұйым өндірушілерінің оны күту нұсқауларын мұқият орындау қажет.
Тексеру үшін ақ шүберекке аз ғана жуғыш ерітінді құйып, тазарту қажет 
кілемдегі көзге түсе бермейтін жерін үйкеп көріңіз. Шүберекте бояу 
іздері қалмаса, бояуды мықты деп есептеуге болады. Басқа жағдайда 
кілемді  дымқыл  тазалауға  болмайды.  Әлі  де  күдіктенсеңіз,  арнайы 
дүкенге барып, кеңес алыңыз. Тегіс тазалау үшін келесі әрекеттер ретін 
сақтаңыз:
Сору және 
түзету
      Жұмыс бағыты
Шашырату
Сорғыш түтік
Қысымды құбыр
Еріту және жуу
•  бүріккіш тетікті жуғыш сұйықтық шыққанша басыңыз, ал кілемге/
қатты еденге берілген қондырғыны еденнің үстінде тура сызықпен 
жүргізіп өтіңіз.
•  сызықтың  соңында  немесе  үзіліс  кезінде  ағынмен  шашыратуды 
тоқтату үшін бүріккіш тетікті босатыңыз.
•  кілемге/қатты еденге арналған қондырғыны еденнің дымқыл беткі 
қабатымен  тік  сызықпен  қайта  жүргізіп,  шашыраған  сұйықтықты 
жинаңыз.
•  шашыраған сұйықтық жиналған соң қондырғыны көтеріп, алдыңғы 
сызықты  аз  ғана  жабатындай  жаңа  сызықты  бастаңыз.  Сызықпен 
жалғастыра отырып, барлық беткі қабатты тазартуға болады.
Тазартылған  сызықтарда  сұйықтық  іздері  қалып  қойса,  ерітінді 
шашыратпай, осы орындарды шаңсорғышпен жүріп өтуге болады.
Жылжу кезінде қатты ластанған жерлерге қондырғының алдына жуғыш 
ерітіндіні құюға болады Сорғыны ғана пайдаланып, алдын ала тазалап 
алуға болады.
Өте көп сұйықтық бүркілмеуін қадағалаңыз, себебі кілемде толқындар 
және томпақ жерлер пайда болады, оны ұзақ құрғату арқылы ғана 
жоюға болады.
Кілемде одан бұрын сусабынмен тазаласа, THOMAS XT шаңсорғышымен 
алғаш тазалаған кезде лас суға арналған контейнер тым көп көбіктенуі 
мүмкін. Мұның алдын алу үшін лас суға арналған контейнерге жарты 
шыныаяқ сірке суын құйыңыз.
Ауа шығатын саңылаудан көбік шығып жатса, құралды тез арада өшіріп, 
лас суға арналған контейнерді босатыңыз.
Тым  көп  көбік  THOMAS  жуғыш  ерітіндіні  дайындауға  арналған 
концентратымен кілемді бір дымқыл тазартқан соң жойылады, өйткені 
оның құрамында көбіктің пайда болуына қарсы арнайы қоспалар бар.
Дымқыл кезде кілемді баспаңыз.
Дымқыл тазалау кезінде және аяқтаған соң жылдам кебуі үшін бөлмені 
жақсылап желдету қажет.
Лас  суға  арналған  контейнер  көлемі  -  1,9  литр.  Одан  кейін  қалтқы 
ажыратқыш іске қосылады және шаңсорғышпен тазалауды жалғастыру 
алдында лас суға арналған контейнерді босату қажет.
Сұйықтық жинау
THOMAS  XT  шаңсорғышымен  су  негізіндегі  төгіліп  кеткен  қауіпті 
емес  сұйықтықтарды  соруға  болады  (мысалы,  су,  сусын,  кофе 
және т.б.)
Керек-жарақтардан  қолдануға  сәйкес  келетін  қондырғыны 
пайдаланыңыз:
Пайдалану орны
Қондырғы / керек-
жарақтар
Келесі бұйымдардан су негізіндегі 
сұйықтықтарды сору:
• кілем
•  беткі қабаты қатты еден 
(қыш плиткалар, ПВХ жабулары)
•  Едендерді дымқыл тазалауға 
арналған қондырғы
•  едендерді дымқыл тазалауға 
арналған қондырғы + 
қатты еден төсемелерін 
тазартуға арналған адаптер
Сұйықтықты жинау процесі дымқыл тазартумен бірдей орындалады.
Пайдалану мүмкіндіктері
44
THOMAS XT
THOMAS XT