Polaris PMG 1915 Manuale Utente

Pagina di 36
27 
 
3.  ҚҰРАЛДЫ ҚОСПАС БҰРЫН ДАЙЫНДАУ 
 
1.  Құралдың  орама  қорабын  ашыңыз және құралдың  барлық бөлшектерін  және    оның  керек-
жарақтарын тексеріп, олардың зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. 
2.  Құралмен  бірге  жеткізілетін,яғни  құралдың  жиынтығына  жиынтығына  кіретін  барлық 
бөліктері мен керек-жарактарының бар екендігіне көз жеткізіңіз («Құралдың жиынтығы» 8 
тарауын қарап шығыңыз). 
3.  Құралды  алғаш  рет  пайдаланудың  алдында  құралдың  сыртқы  корпусынан  барлық 
жапсырмаларды шешіп алыңыз да, сыртқы корпусын жұмсақ, дымқыл матамен сүртіңіз, ал 
қондырмаларды жылы судың астында жуыңыз. 
Назар аударыңыз! 
Пышақтың жүздері өте өткір. 
4.  Пышақтың  жұмыс  бөліктерін  (13)    және  торшаларды  (9),  (10),  (11)  аз  мөлшерде  маймен 
майлаңыз. 
 
4.  ЖҰМЫС ТӘРТІБІ  
 
1. 
 
Еттартқышты құрастырыңыз. 
 
Еттартқыштың корпусын (2) ұстай алынбалы 
жұмыс  блогын  (7)  коппустағы  ұяшыққа 
кіргізіңіз (1 сурет). 
 
Сыртыл  дыбысы  естілгенше  жұмыс  блогын 
сол  жаққа,  сағат  тіліне  қарсы  бағытта  бұру 
арқылы оны бекітіңіз (2 сурет). 
 
Бұранданы  (8)  алынбалы  жұмыс  блогына  (7) 
орнатыңыз  және  ол  орнына  келмейінше  оны 
бұраңыз.  Егер  бұранда  дұрыс  орнатылмаса, 
ол бұралмайды (3 сурет). 
 
Бұрандаға (8) сыртқа қарай кесуші жиегі бар 
крест пішінді пышақты (13) кигізіңіз, әйтпесе 
еттартқыш жұмыс жасамайды (4 сурет). 
 
Пышақтан  (13)  соң    бұрандаға  (8)  қажетті 
өлшемді  (9),  (10),  (11)  торды  кигізу  қажет  (5 
сурет). 
Камерадағы 
шығыңқы 
жерлер 
тордағы  саңылауларға  сәйкес  келетіндігіне 
көз жеткізіңіз. 
 
Айналмалы  сомынды  (12)  орнатыңыз  және 
бұраңыз,  қатты  тартудың  қажеті  жоқ  (6 
сурет). 
 
Алынбалы жұмыс блогының өнімдерді 
жүктеуге арналған ауызға (7) алынбалы 
ыдысты (1) орнатыңыз және бекітіңіз. 
 
Еттартқышты  тегіс,  берік,  таза  қабатқа 
орналастырыңыз.  
2.  Кесуді  қажет  ететін  етті  дайындаңыз.  Етті  сүйектен,  сіңірден,  қатты  шеміршектен 
тазартыңыз.  Еттің  жұмыс  блогының  аузына  (7)  оңай  түрде  өтуі  үшін  оны  кішкене 
бөліктерге (шамамен 2х2 см) кесіңіз.  
Назар аударыңыз!  
Мұздатылған етті толығымен мұздан еріту қажет.  
3.  Ет бөліктерін ыдысқа (1) салыңыз.  
 
 
Еттартқышты құрастырудың алдында  жарақат алмау үшін құралдың  желіден 
ажырағанына көз жеткізіңіз.