Polaris PMG 1915 Manuale Utente

Pagina di 36
31 
 
 
Егер  құрал  пайдаланылмаса  немесе  тазарту  кезінде  оны  әркез  электр  желісінен  ажырату 
қажет.  
 
Өнімдерді қолмен немесе бөгде заттармен итермеңіз. Тек итеру құрылғысын пайдаланыңыз.  
 
Жарақаттанбау үшін ұзын шаштың, бөкебайдың, галстуктың немесе өзге де киім үлгілерінің 
ыдыстың,  тордың,  қондырмалардың,  ерттартқыш  корпусының  үстінен  салбырап  түспеуін 
қадағалаңыз.  
 
Құралды балалар мен физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың пайдалануына бермеңіз.  
 
Ешқашан ақаулы құралды пайдаланбаңыз. 
 
Еттартқышты  тек  түпнұсқалы  бөлшектермен  пайдаланыңыз.  Құралмен  бірге  жинаққа 
кірмейтін аксессуарларды пайдалану Сізді кепілді қызмет көрсетуден айырады.  
 
Құралға көп мөлшерде өнімдерді салмаңыз. 
 
 
 
7.  ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТР ТЕХНИКАСЫМЕН ЖҰМЫС БАРЫСЫНДАҒЫ 
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР  
 
 
Құрал  тек  мақсаты  бойынша  пайдаланылуы  тиіс.  Құралды  коммерциялық  мақсатта  ұзақ 
уақыт  бойы  пайдалану  құралдың  істен  шығуына,  зақымдалуына  немесе  адамдардың 
денсаулығына нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін. 
 
Құрал нұсқаулыққа сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.  
 
Құралды  әрбір  қосудың  алдында  қарап  шығыңыз.  Құралда    немесе  желілік  сымда  ақау 
байқалса құралды розеткаға қосуға тыйым салынады.  
 
Құрал еденге төнкеріліп, құлап түсіп кеткен жағдайда оны пайдаланбаңыз.  
 
Егер  құралдың  жұмысқа  қабілеттілігі  жөнінде  күмәндансаңыз  оны  пайдалануға  тыйым 
салынады. 
 
Аталмыш  құралды  қолдануға  қатысты  қауіпсіздіктері  үшін  жауап  беретін  тұлғаның 
нұсқаулығы  жүргізілген  немесе  қадағалау  жүзеге  асырылған  кездерді  есепке  алмағанда, 
білімі  мен  тәжірибесі  жоқ  немесе  жүйке  жүйесінде  немесе  психикалық,  физикалық 
ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған.  Балалардың 
құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.  
 
Іске  қосулы  құралды  қараусыз  қалдырмаңыз.  Құралды  балалардың  қолы  жетпейтін  жерде 
сақтаңыз. 
Назар аударыңыз! 
Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың 
қасында      пайдалануға  болмайды.  Құрал  суға  түсіп  кеткен  жағдайда,  оны  бірден  желіден 
ажыратыңыз.    Сонымен  бұл  кезде  қолды  суға  малуға  болмайды.  Құралды  екінші  мәрте 
пайдаланудың алдында оны білікті маман тексеріп шығуы керек. 
 
 
Құралды  бөлмежайдан  тысқары  жерде  пайдаланбаңыз.  Құралды  ыстықтан,  тікелей  күн 
сәулесінен,  сүйір  бұрыштарға  соғылудан,  ылғалданудан    сақтаңыз  (ешқашан  құралды  суға 
немесе  басқа  сұйықтыққа  батырмаңыз).  Құралды  дымқыл  қолыңызбен  ұстамаңыз.  Құрал 
суланған жағдайда оны бірден желіден ажыратыңыз.  
 
Құралды  тек  қана  ауыспалы  тоқ  көзіне  ғана  қосыңыз  (~).  Құралды  желіге  қоспас  бұрын, 
желідегі  қолданылатын  электрлік  параметрлерін  тексеріңіз,  бұл  құралдың  техникалық 
сипаттамаларына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.  
 
Кез  келген  ақау  бола  тұра  құралды  іске  қосу  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету  
құқығынан айырады. 
 
Құралмен пайдаланып болғаннан кейін, сонымен қатар, құралды тазарту алдында және оның 
қондырмаларын  алмас  немесе  орнатпас  бұрын,  сондай-ақ,  құрал  сынып,  істен  шыққан 
жағдайда, оны  әрдайым  желіден ажырату қажет. 
 
Құралды  желіге  қоспас  бұрын  жылдамдық  режимдерінің  ауыстырғышы  «OFF»  қалпында 
тұрғанына көз жеткізіңіз.