Polaris PMG 1915 Manuale Utente

Pagina di 36
35 
 
Қосымшасы 
 
12. ЕТТАРТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ  ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕР  
 
Электрлі еттартқыш - қазіргі үй иесі әйелдерге сенімді көмекшісі. Еттартқыштың көмегімен 
жеңіл  тағамнан  күрделі  аспаздық  шешімдерді  талап  ететін  түрлі  тағамдарды  әзірлеу  үшін 
шексіз мүмкіндіктерді сыйлайды
.
 
 
Саңырауқұлақ икрасы 
Саңырауқұлақ икрасы – өте дәмді тамаша тағам, икраны салқын басытқы ретінде немесе нан 
тілімін сарымсақпен жағып, икраның бір қабатын салу арқылы бутерброд әзірлеуге болады. 
Икра  ыстық  күйінде  кез  келген  ет  тағамы  мен  картоптан  әзірленген  тағамдарға  кереметтей 
қосымша тағам ретінде көрініс табады.  
Икраны әзірлеу үшін: 
Кез келген саңырауқұлақ түрі 1 кг, 
Су 200 мл, 
Күнбағыс майы 100 мл,  
Сірке қышқылы 100 мл, 
Қыша 5 ш.қасық, 
Тұз 2 ш.қасық, 
Талғамыңыз бойынша қара бұрыш. 
Лимон қышқылы 1 ш.қасық қажет, 
Қайнап тұрған суда тұз бен лимон қышқылын ерітіңіз. Алдын ала әзірленген саңырауқұлақты 
қосыңыз, оны өте баяу отта әзірлеу қажет, тұрақты түрде араластырыңыз және көбігін алып 
тұрыңыз. Саңырауқұлақ ыдыстың түбіне қарай ығысқан сәтте сүзекіге аударыңыз да, салқын 
сумен  жуыңыз  және  суды  ағызыңыз.  Содан  соң  саңырқұлақты  еттартқыштан  өткізу  қажет 
және  15  минут  бойына  қыздырыңыз.  Оған  күнбағыс  майын,  қыша  ұнтағын,  5%  сірке 
қышқылын,  бұрышты  қосыңыз.  Саңырауқұлақ  икрасын  ыстық  күйінде  құрғақ  құтыға 
салыңыз, үстін жылтыр қағазбен жабыңыз да, жіппен ораңыз. Икраны тоңазытқышта сақтау 
қажет. 
 
Люля-кебаб  
Люля-кебаб-  бұл  дәстүрлі  шығыс  тағамы,  сыртқы  түрі  сопақша,    шампурға  ілінген  котлет 
болып  табылады.  Дәстүр  бойынша  кебабты  қой  етінен  әзірлейді,  оған  көп  мөлшерде  пияз 
және  дәмдеуіштерді  қосады,  содан  соң  жалынды  шоқтың  үстінде  қуырады.  Бірақ,  Сіз 
тоңазытқыштан  табылған  кез  келген  етті  пайдалана  аласыз  және оны  духовкада  қыздыруға 
болады.   
Люля-кебабты әзірлеу үшін келесідей өнімдер қажет: 
Шошқа еті 0,5 кг, 
Түйінді пияз 3 дана, 
Сарымсақ 2 тіс, 
Жұмыртқа 2 дана (қоспауға да болады), 
Майонез 1 ас қасық, 
талғамыңыз бойынша кинза (күнзе), тұз, бұрыш. 
Етті жуыңыз, қабықшасынан тазартыңыз және тілімдеп кесіңіз. Етті еттартқыштан өткізіңіз, 
тартылған  еттің  көлемі  үлкендеу  болуы  үшін  құралға  тесіктері  үлкен  қондырма-торды 
кигізіңіз.  Пиязды  ашыңыз,  бөліңіз  және  еттартқыштан  өткізіңіз.  Тартылған  ет  пен  пиязды 
ыдысқа  салыңыз.  Оған  жұмыртқа,  майонез,  тұз,  бұрыш  пен  кинзаны  (ұнтақталған  күнзе) 
қосыңыз.  Тартылған  етке  сарымсақ  шырының  сығып  алғыш  құралынан  өткізілген 
сарымсақты  салыңыз.  Дәмдеуіштердің  біркелкі  таралуы  үшін  барлығын  мұқият  түрде 
араластырыңыз.  Дайын  тартылған  етті  тоңазытқышқа  бірнеше  сағатқа  салып  қойыңыз,  бұл 
етке  барлық  хош  иістердің  сіңуі  үшін  қажет.  Тартылған  еттің  бір  мөлшерін  алыңыз  да, 
шұжықтың  формасын  беріңіз  және  қаңылтыр  табаға  салыңыз.  Люля-кебабты  25  минут 
уақытқа 180º температурасында қыздырылуы үшін духовкаға салыңыз.