Philips Hand blender HR1652/90 Manuale Utente

Pagina di 124
48
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips 
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome 
веб-торабында тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
A  Жылдамдық сақинасы
B  Қосу/өшіру түймесі 
C  Турбо түймесі
D  Мотор
E  Босату түймесі
F  Турағыш
G  Қорғау қақпағы
Бұлғауыш және сүт көпірткіші (тек HR1651 үлгісінде) 
H  Бұлғауыш және сүт көпірткішін байланыстырып тұратын бөлік
I  Бұлғауыш 
J  Сүт көпірткіші 
Дөңгелек стакан
K  Дөңгелек стаканның қақпағы
L  Дөңгелек стакан
Орташа ұсақтағыш (тек HR1652 үлгісінде)
M  Ұсақтағыш қақпағы
N  Мұзды ұсату кескіші
O  Пышақтар
P  Ұсақтағыш ыдысы
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта 
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті!
 
- Мотор бөлігін суға немесе басқа да сұйықтыққа батыруға, сондай-ақ, оны ағынды судың 
астында жууға болмайды. Мотор бөлігін тазалау үшін ылғал шүберек қолданыңыз.
абайлаңыз!
 
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес 
келетінін тексеріп алыңыз.
 
- Егер штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзге бөлшектері зақымданған болса, құралды 
пайдаланбаңыз.
 
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips қызмет көрсету 
орталығында, Philips ұсынған қызмет көрсету орталығында немесе тиісті білімі бар 
мамандар алмастыру керек.
 
- Пышақтарды қолмен ұстамаңыз, әсіресе турағыш мотор бөлігіне қосулы тұрғанда, себебі 
олар өте өткір болады.
 
- Ұсақтағыш ыдысы болмаса, ешқашан ұсақтағыштың пышақтарын қолданбаңыз.
 
- Егер құрал зақымдалса, оны міндетті түрде түпнұсқа түрімен алмастырыңыз, әйтпесе 
кепілдік жарамсыз болады.
 
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану 
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ 
білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
ҚазаҚша