Philips HR 1650/90 Manuale Utente

Pagina di 124
Қоршаған орта
 
- Қызмет мерзімі аяқталғанда, құрылғыны тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Қайта 
өңделуі үшін арнайы жинау орнына тапсырыңыз. Осылайша, қоршаған ортаны сақтауға 
көмектесесіз (Cурет 19).
Кепілдік және қызмет көрсету
Қызмет көрсету жұмыстары, ақпарат қажет болса немесе шешілмеген мәселе болса, Philips 
компаниясының www.philips.com веб-торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларды 
қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табуға 
болады). Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда, жергілікті Philips 
дилеріне хабарласыңыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Сұрақ
Жауап
Құрал қатты шу шығарады, 
жағымсыз иіс береді, қол 
тигізбейтіндей ысып кетеді 
немесе түтін шығарады. Не 
істеу керек?
Құрал тым ұзақ қолданылғанда, жағымсыз иіс немесе түтін 
шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда, құралды сөндіріп, оны 60 
минут суытып алу керек. Мәселе шешілмесе, жақын жердегі 
Philips компаниясының тұтынушыларды қолдау орталығына 
хабарласыңыз.
Енді қайнаған ыстық 
ингредиенттерді өңдеуге 
бола ма?
Өңдемес бұрын, ингредиенттерді шамамен 80°C/175°F 
температурасына дейін суытып алыңыз.
Өңделетін ингредиенттердің 
көлемі қандай болуы керек?
Ингредиенттерді шамамен 2 x 2 см бөлшектерге кесіңіз.
Өте қатты ингредиенттерді 
турау нәтижесінде құрал 
зақымдануы мүмкін бе?
Иә, егер сүйектер және дәні бар жемістерді өңдейтін 
болсаңыз, зақымданады. Пармезан немесе шоколад, т.с.с. 
азық-түлік түрлерін өңдеуге болады.
Неліктен құрал аяқ асты 
жұмысын тоқтатты?
Мүмкін кейбір қатты ингредиенттер пышаққа тұрып қалған 
болар. Қосу/өшіру түймесін босатып, құралды токтан 
ажыратып, мотор бөлігін ажыратып алып, пышақтарға тұрып 
қалған ингредиенттерді алып тастаңыз.
Рецепттер
Құймақ толтырмасы
Қосылатын заттар:
 
- 120 г бал;
 
- 100 г қара өрік.
1
Балды бірнеше сағатқа тоңазытқышқа қойыңыз.
2
Қара өрікті турағыштың тостағанына салып, үстіне бал құйыңыз.
3
Турбо түймесін басып, 5 секунд тураңыз.
ҚазаҚша
54