Electrolux ESF 9420 LOW Manuale Utente

Pagina di 56
Құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде есікті ашу
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды.
Есікті жапқаннан кейін, құрылғы
тоқтаған жерінен бастап жұмыс
істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған
кезде кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату
1. Start және Delay түймешіктерін
бастау индикаторы жыпылықтай
бастағанша қатар басып ұстап
тұрыңыз.
2. Бағдарламаны бастау үшін Start
түймешігін басыңыз.
Бағдарламаны біржола
тоқтату
Start және Delay түймешіктерін бастау
индикаторы жыпылықтай бастағанша
қатар басып ұстап тұрыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар алдында,
жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың
бар екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарламаның аяқталуы
Бағдарлама аяқталған кезде 
индикаторы жанады. Құрылғыны 5
минут ішінде сөндірмесеңіз, барлық
индикаторлар сөнеді. Бұл электр
қуатын аз тұтынуға көмектеседі.
1. Құрылғыны сөндіру үшін тетікті
бағдарлама таңбасы қосу/сөндіру
индикаторына дәл келгенше
бұраңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС
9.1 Жалпы
Келесі ақыл-кеңестер күнделікті
қолдану барысында кептіріп және
тазалаған кезде жақсы нәтижелерге
қол жеткізуге, сондай-ақ, қоршаған
ортаны қорғауға көмектеседі.
• Ыдыстарға жабысқан тағамның
үлкенірек қалдықтарын алып,
қоқысқа салыңыз.
• Ыдысты алдын ала қолмен
шаймаңыз. Егер қажет болса,
алдын ала жуу бағдарламасын
(егер бар болса) қолданыңыз
немесе алдын ала жуу циклі бар
бағдарламаны таңдаңыз.
• Себеттердің ішіндегі орынды үнемі
толық пайдаланыңыз.
• Құрылғыға зат салған кезде,
бүріккіштен шыққан судың
ыдыстардың барлығына толық
жетіп және оларды жуа алатынына
көз жеткізіңіз. Заттардың бір-біріне
тимей немесе бірін бірі далдалап
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш, шайғыш құралды және
тұзды бөлек пайдалануға немесе
аралас таблеткаларды пайдалануға
болады (мысалы, "3in1'', ''4in1'', ''All
in 1''). Орамында көрсетілген
нұсқауларды орындаңыз. Аралас
таблеткалар судың кермектігі 21
°dH болатын аймақтар үшін
жарамды. Суының кермектігі осы
шектен асатын аймақтарда,
шайғыш зат пен тұзды да қолдану
керек. Егер аралас таблетканы
пайдалансаңыз, Multitab параметрін
(егер бар болса) таңдаңыз. Бұл
функция аралас таблетканы
пайдаланғанда, жуу және кептіру
сапасын жақсартады.
• Бағдарламаны салынған заттар
мен олардың ластану деңгейіне
қарай орнатыңыз. ECO
бағдарламасын пайдаланып
ҚАЗАҚ
13