Electrolux EHH 96340 IW Manuale Utente

Pagina di 64
• Пісіру алаңын пайдаланып болған
сайын "off" (сөндіру) қалпына
қойыңыз.
• Ыдыс анықтағышқа сенбеңіз.
• Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кәстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
• Құрылғының бетіне сызат түссе,
дереу тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл
әрекет электр қатеріне ұшырап
қалуға жол бермейді.
• Кардиостимуляторы бар адамдар
құрылғы іске қосылып тұрған кезде
индукциялық пісіру алаңдарынан
кем дегенде 30 см алыс тұруға тиіс.
• Тағамды ыстық майға салғанда,
май шашырауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда
болу қаупі бар
• Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе
ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз.
Құрылғының бетне зақым келуі
мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий
жұқалтыр қоймаңыз.
• Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан
келген ыдыстар, шыны / шыны
керамика бетке сызат түсіреді.
Бұндай заттарды құрылғының
бетінде үнемі көтеріп жылжыту
керек.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
2.4 Күту менен тазалау
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
• Қызмет көрсету алдында
құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
2.5 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті
әкімшілік мекемеге хабарласып
алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
www.electrolux.com
6