Zanussi ZOP 37902 XK Manuale Utente

Pagina di 72
Жаңа уақытты орнату үшін "Тəулік
уақытын орнату" тармағындағы əрекетті
орындаңыз.
Алдын ала қыздыру
Май қалдықтарын жағып жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1. Функцияны   жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 45 минут қосып қойыңыз.
3. Функцияны   жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар əдеттегіден ыстық болып
кетуі мүмкін. Құрылғыдан иіс жəне түтін
шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Ауаның жеткілікті түрде айналуын
қамтамасыз етіңіз.
Əркүндік қолдану
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Құрылғыны іске қосу үшін тетігін басыңыз.
Тетігі бері шығады.
Құрылғыны іске қосу жəне сөндіру
1. Тұмшапеш функциясын таңдау үшін
тұмшапеш функцияларының тетігін
бұраңыз.
2. Температураны орнату үшін
температура тетігін бұраңыз.
3. Құрылғыны сөндіру үшін тұмшапеш
функцияларының тетігін "off" (сөндіру)
қалпына қойыңыз.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы
Қолдану
Off (сөндірулі)
қалпы
Құрылғы сөндірулі.
Ыстық желмен
пісіру
Бірнеше сөрені пайдаланып, бірдй температурада пісірілетін
тағамдарды иістерін бір-біріне сіңірмей қуыруға немесе пісіруге
арналған.
Дəстүрлі пісіру
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру жəне қуыру үшін. Үстіңгі жəне
астыңғы қыздыру элементтері бір уақытта жұмыс істейді.
Гриль жасау
Жайпақ тағамның шағын мөлшерін сөренің ортасында қуыруға
арналған. Тост жасауға арналған.
Жылдам гриль
жасау
Жалпақ етіп дайындалған тағамдарды көп мөлшерде қақтауға
арналған. Тост жасауға арналған. Бүтін қақтама элементі жұмыс
істейді.
Турбо гриль
Еттің үлкен кесектерін пісіруге арналған. Қақтау элементі мен
тұмшапештің желдеткіші бірінен кейін бірі іске қосылып, тағамды
айналдыра ыстық ауа жібереді.
Пицца параметрі
Пицца, киш немесе бəліш пісіруге арналған.
Ет
Тағамды аса жұмсақ етіп, былбыратып қуыруға арналған.
6
 
www.zanussi.com