Electrolux ESL 94200 LO Manuale Utente

Pagina di 56
• Бағдарламаны салынған заттар
мен олардың ластану деңгейіне
қарай орнатыңыз. ECO
бағдарламасын пайдаланып
қалыпты кірлеген ас үй құралдары
және ыдыс-аяқты жуғанда, су мен
қуат барынша тиімді жұмсалады.
9.2 Тұз, шайғыш зат және
жуғыш затты пайдалану
• Тек ыдыс жуғыш машинаға
арналған тұзды, шайғыш және
жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа
өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
• Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді.
Жуғыш заттардың қалдықтары
ыдыстарға тұрып қалмас үшін
жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ
бағдарламаларды қолдануды
ұсынамыз.
• Жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз. Жуғыш
заттың орамындағы нұсқауларды
қараңыз.
9.3 Жуғыш таблеткаларды
пайдалануды тоқтатқыңыз
келсе
Жуғыш затты, тұзды және шайғыш
заттарды жеке-жеке пайдалану
алдында келесі әрекетті орындаңыз.
1. Су жұмсартқыштың ең жоғары
деңгейін орнатыңыз.
2. Тұз және шайғыш зат
сауыттарының толы екеніне көз
жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
зат қоспаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
4. Бағдарлама аяқталған кезде, су
жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі
судың кермектігіне қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін реттеңіз.
9.4 Себеттерді толтыру
• Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада
жууға болатын заттарды жуу үшін
ғана қолданыңыз.
• Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы
және мыстан жасалған заттарды
құрылғыға салмаңыз.
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды
(жөке, ас үй шүберектері)
салмаңыз.
• Ыдыстарға жабысқан тағамның
үлкенірек қалдықтарын алып,
қоқысқа салыңыз.
• Заттарға күйіп жабысқан
қалдықтарды жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы,
кесе, стакан және кәстрөл) аузын
төмен қаратып салыңыз.
• Стакандарды бір-біріне тигізбей
салыңыз.
• Ас құралдары мен кішкене
заттарды ас құралдары себетіне
салыңыз.
• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке
салыңыз. Заттарды жылжып
кетпейтін етіп салыңыз.
• Бағдарламаны бастамай тұрып,
бүріккіш түтіктің еркін айнала
алатынына көз жеткізіңіз.
9.5 Бағдарламаны бастау
алдында
Мынаны ескеріңіз:
• Сүзгілердің таза екенін және
орнатылып тұрғанын.
• Тұз сауытының қақпағының мықтап
жабылғанын.
• Бүріккіш түтіктердің бітеліп
қалмағанын.
• Кір жуғыш машина тұзы бен
шайғыш заттың (егер аралас жуғыш
таблетканы қолданбасаңыз) бар
екенін.
• Заттардың себеттерге дұрыс
салынғанын.
• Бағдарламаның салынған ыдыстың
түріне және ластану дәрежесіне сай
екенін.
• Жуғыш зат дұрыс мөлшерде
қолданылғанын.
ҚАЗАҚ
13