Electrolux ESL 95201 LO Manuale Utente

Pagina di 40
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Сүзгілер дұрыс салынбаса,
жуу нәтижесі
қанағаттанғысыз болуы
және құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
10.2 Бүріккіш түтіктерді
тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп
қалса, қалдықтарды жіңішке
шырпымен тазалаңыз.
10.3 Сыртын тазалау
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
• Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз.
• Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені
немесе еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
10.4 Ішін тазалау
• Құрылғыны мұқият тазалаңыз,
есіктің резеңке тығыздағышын
жұмсақ, дымқыл шүберекпен
сүртіңіз.
• Егер қысқа бағдарламаларды жиі
пайдалансаңыз, құрылғының ішінде
май немесе қақ жиналып қалуы
мүмкін. Бұндай жағдайдың алдын
алу үшін ұзақ бағдарламаларды
айына кем дегенде 2 рет қосып
орындауды ұсынамыз.
11. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Егер құрылғы іске қосылмаса немесе
жұмыс істеп тұрып тоқтап қалса,
уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласпай тұрып, мәселені
кестедегі ақпараттың көмегімен өзіңіз
шешіп көруге тырысыңыз.
Кейбір ақаулықтарда аяқтау
индикаторы жыпылықтап, ақау барын
көрсетеді.
Ақау және ескерту коды
Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса алмадыңыз. • Ашаның розеткаға қосылғанына көз
жеткізіңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы еш
сақтандырғышқа зақым келмегеніне көз
жеткізіңіз.
www.electrolux.com
16